Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (155) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (112)

Жаннан артық сенімді дос таппадым,
Құпиямды тек жүрекке сақтадым.

Ілмектер: құпия, жүрек, дос, сенім Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр

Шарап ішпеңіз, жүректі темекімен жүдетпеңіз.

Ілмектер: шарап, темекі, жүрек Павлов Иван Петрович

Көре алмаушылық - жүректегі у.

Ілмектер: көре алмаушылық, жүрек, у Франсуа Вольтер

Жүрегім дертті, сөзім у.

Ілмектер: дерт, жүрек, у Шәкәрім Құдайбердіұлы

Біз өз көзімізге сенеміз – бірақ оларға сенуге болмайды; біз өз жүрегімізге де сенеміз – бірақ оған да сенуге болмайды. Есте сақтаңдар, шәкірттерім: ақиқатында адамды тану оңай емес!

Ілмектер: адам, көз, жүрек Конфуций

Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады.

Ілмектер: жүрек, қызығушылық Әл – Фараби

Қоштасу — жүрекке салмақ.

Ілмектер: қоштасу, жүрек Жүсіп Баласағұни

Жаннан безген жырдан басқа, жас жүректің кімі бар?!

Ілмектер: жастық шақ, жүрек Бернияз Күлеев

Оты сөнген ер жүрек қалар мұздап.

Ілмектер: жүрек, ер Бернияз Күлеев

Жатсаң – ойда, тұрсаң – жырда, жанған жүрек емі бар.

Ілмектер: ой, жүрек, жыр Бернияз Күлеев

Жүрек үнемі ақылды ақымақ қылады.

Ілмектер: жүрек, ақыл, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Жылуы жоқ жүрек – қуыс кеуде.

Ілмектер: жылу, жүрек, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Ақиқаттың мекені — жүрек.

Ілмектер: ақиқат, жүрек, нақыл, афоризм Әбіш Кекілбаев

Ақын үшін ең зымыран тұңғиық та — жүрек, ең шырқау биік те — жүрек.

Ілмектер: ақын, нақыл, жүрек, афоризм, қанатты сөздер Әбіш Кекілбаев

Ақын еңбегінің жалғыз өлшемі – оның адам жүрегіне қанша жақындай алғаны.

Ілмектер: ақын, еңбек, нақыл, афоризм, жүрек, қанатты сөздер Әбіш Кекілбаев

Жүрек сұлтан нәпсіге.

Ілмектер: жүрек, нәпсі, сұлтан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Он бес жасымда мен білімге бет бұрдым. Отыз жасымда бағынышсыз тұрмысқа қол жеткіздім. Қырық жасымда күмәннан арылдым. Елу жасымда көктің еркін таныдым. Алпыс жасымда шындық пен өтірікті ажырата бастадым. Жетпіс жасымда жүрегімнің қалауына ере бастадым.

Ілмектер: жүрек, қалау, өмір, жас, тұрмыс, күмән, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Жүрегімнің түбіне терең бойла.

Ілмектер: жүрек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі.

Ілмектер: адам, жүрек, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Жүректің соғысы — физиология, ал жүректің не қуаныштан, не үрейден барып бас алатын лүпілі — эстетика, өнер, өмірге бергісіз қайран сөз.

Ілмектер: жүрек, қуаныш, эстетика, өнер, өмір, қайран, сөз Асқар Сүлейменов