Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (70) Ұлағатты сөздер (32)

Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.

Ілмектер: адам, іс, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы

Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.

Ілмектер: мал, жұрт, заман Ахмет Байтұрсынұлы

Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!

Ілмектер: жұрт, бала Ахмет Байтұрсынұлы

Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

Ілмектер: тіл, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы

Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.

Ілмектер: жұрт Ахмет Байтұрсынұлы

Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.

Ілмектер: әділдік, әділ, жұрт, оң Әлихан Бөкейханов

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

Ілмектер: ел, жұрт, ерлік, жігіттік Бауыржан Момышұлы

Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.

Ілмектер: тіл, жұрт, жан Халел Досмұхамедұлы

Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды.

Ілмектер: жұрт, дос, дос болу, Достық Омар Хайям

Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса - қазақ халқы соңынан ерер еді.

Ілмектер: жұрт, қазақ, ер, халық Әлихан Бөкейханов

Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.

Ілмектер: тәуелсіздік, жұрт, бостандық, теңдік, саясат, тарих Әлихан Бөкейханов

Қазақ сайлауы - жұртқа келген бір жұт: сайлау жылы мал бағусыз, егін салусыз, пішен шабусыз қалады.

Ілмектер: сайлау, қазақ, жұрт, жұт Әлихан Бөкейханов

Еуропада халық партия болғанда адаспас ақ жол табамыз деп, адам аспас асқар белден асамыз деп, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады.

Ілмектер: Еуропа, партия, халық, жұрт Әлихан Бөкейханов

Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда үкіметтей ақша алса - сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалақы алған молдалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді.

Ілмектер: фрнацуз, орыс, жұрт, тарих, ақша, үкімет Әлихан Бөкейханов

Ер жігіт – ел-жұртының панасындай,
Жақсы әйел әммә жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.

Ілмектер: ер, жігіт, пана, әйел, әйел, жұрт, бала, жақсы Сүйінбай Аронұлы

Бағың барда, жігіттер, - тоқталып, сірә, іркілмес,
Жұрт қарасын қызығып, бәрекелді деп шіркінге.

Ілмектер: өмір, жұрт, жігіт Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,
Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,
Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар.

Ілмектер: адам, өмір, абырой, кәрілік, бай, ас, тамақ, жұрт Шал Құлекеұлы

Біз өзіміздің аяулы қасиеттеріміз жайында неғұрлым көп айтсақ, соғұрлым оған жұрт аз сенеді.

Ілмектер: қасиет, жұрт, сенім Пьер Бошен

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

Ілмектер: тіл, ұлт, сөз, жұрт Ахмет Байтұрсынұлы

Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады.

Ілмектер: мәдениет, білім, тіл, жұрт, бай Халел Досмұхамедұлы


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)