Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (18) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (8)

Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.

Ілмектер: иман Абай Құнанбайұлы

Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші - иманың,
Екінші - жиғаның,
Үшінші - ырысыңның тұрағы.

Ілмектер: ат, жақсы, бала, әйел, қыз, иман, ырыс Төле би Әлібекұлы

Күшің бізге жеткенмен - құдайға жетпейді.

Ілмектер: күш, иман, дін, құдай Саиф Сараи

Ындыны таза - иманды.

Ілмектер: иман, дін Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сенімсіз - иман жоқ.

Ілмектер: дін, иман, сенім Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жұртым-ау, құдайыңды ойлаймысың?!

Ілмектер: дін, иман Шәкәрім Құдайбердіұлы

Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.

Ілмектер: махаббат, үй, иман Қожа Ахмет Йассауи

Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.

Ілмектер: иман Абай Құнанбайұлы