Өлеңдер бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (75) Ұлағатты сөздер (20)

Кедейлік – жағдайына шүкірлік етіп, ешкімге шағымданбай, қажеттілігін жасыру деген сөз.

Ілмектер: Кедейлік, шүкір, шағым Ибраһим Хаввас

Кедейлік үш ағайынды болады: үлкені – кежірлік, ортаншысы – еріншектік, кенжесі – ұйқы

Ілмектер: кедейлік, еріншектік, ұйқы, кежірлік Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Кедейлік пен борышқор болудың айырмашылығы бар, екіншісі уақытша болса, біріншісі өмір бойына.

Ілмектер: кедейлік, борышқор, өмір, уақытша Роберт Кийосаки

Көз бір уыс топыраққа тояды.

Ілмектер: кедейлік, байлық

Кейбіреулерге қанша мал бітсе де, байлық бітпейді.

Ілмектер: кедейлік, байлық Абай Құнанбайұлы

Бардың жұпыны киінгені де, жоқтың барша киінгені де белгілі болып тұрады.

Ілмектер: кедей, кедейлік Ғабит Мүсірепов

Ділмәр боп жүр бұл күнде,
Дым білместің талайы.
Жоқтықтан қолы байланып,
Кеңеске басы кірмей жүр,
Жігіттің не бір сығайы.

Ілмектер: байлық, кедейлік, жігіт Базар Оңдасұлы

Ұмсынған жерге жетпесе,
Қайтады ердің райы.
Мінер ат, киер киімге,
Мұқтаж болған жігіттің,
Шықпайды ешбір шырайы.

Ілмектер: жігіт, байлық, кедейлік Базар Оңдасұлы

Бар - бақыр, жоқ - алтын.

Ілмектер: кедейлік, байлық, алтын Қорқыт ата

Қолыңа күміс қонса - алтын өзі келер.

Ілмектер: кедейлік, байлық, алтын, күміс Қорқыт ата

Кедейлік - ер жігітке намыс емес, жоқ болсаң - досың дағы таныс емес.

Ілмектер: кедейлік, жігіт, намыс, дос Шал Құлекеұлы

Дүниеде кедейлік жоқ - өнерпазға.

Ілмектер: кедей, кедейлік, өнерпаз, дүние Міржақып Дулатұлы

Болса да қол қысқа - шағынба болмысқа.

Ілмектер: кедейлік Жүсіп Баласағұни

Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес.

Ілмектер: байлық, мұрат, кедейлік, ұят Қазыбек Келдібекұлы

Кедейлік - кемдік емес.

Ілмектер: кедей, кедейлік Иүгінеки Ахмед

Бай болу, кедей болу - тағдыр ісі.

Ілмектер: байлық, кедейлік, тағдыр Иүгінеки Ахмед

Кедейлік - мүліктің азайғандығы емес, қомағайлықтың артқаны.

Ілмектер: кедей, кедейлік, қомағайлық Платон

Адамдар кедейліктен және белгісіздіктен қорқады; егерде екеуінен де құтыла алмасаңыз, намысты жоғалтпай, оларды қабылдаған жөн.

Ілмектер: кедейлік, қорқу, намыс Конфуций

Кедейлік сіздің барлық уақытыңызды алады. Ол сол үшін жаман.

Ілмектер: Кедейлік, уақыт Виллем де Кунинг

Маған адамның кедейлігі емес, оның ойы мен жанының кедейлігі қынжылтады.

Ілмектер: адам, кедейлік, ой, жан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Омар Хайям