Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (30) Өлеңдер (5) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (77) Ұлағатты сөздер (33) Әзіл, анекдоттар (1)

Адамды адам ететiн ақша! Әлi ешқашан жарлы-жақыбай лайықты да қадiрлi болған емес.

Ілмектер: адам, ақша, жарлы, кедей, қадірлі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Алкей

Алыстан кедейлiктiң алдынан шық,
Төбесi көрiнген соң қиын болар.

Ілмектер: кедей, кедейлік, алыс, қиын, алдын алу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шал Құлекеұлы

Кедей болар керi кеткен, ұйқысы мол,
Сайрап келiп тұрады үш қара жол.
Кедейлiктiң бiр үлкен жерiк асы,
Жаман қатын бар үйден үзбейдi қол

Ілмектер: жаман, қатын, кедей, кедейлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Мен көп ақылдылардың кеңесін естимін: «Кедеймін деп айтпа», «Жұмыс жоқ деп айтпа», «Үкімет жаман деп айтпа» оданша Құдайдың бергенін пайдалан, расымен солай.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, ақылды адамдар, кедей, жұмыс, Үкімет, Кеңес, құдай Нарша Булгакбаев

Өзі жетісіп өмір сүріп, жоқшылық көріп отырған бауырынан безсе, ондай адамды Құдай сүйе ме?

Ілмектер: өмір, байлық, кедейлік, кедей, жоқшылық, бауыр, адам, нақыл, афоризм Лев Толстой

…Түсінбеймін…Қара борбай кедейлер теңдік алсын. Бірдейлік орнасын. Бірақ, бәтір-ау, осы халықтың киер киімі, ішер асы бірдей болғанмен, құлқы бірдей бола ма?

Ілмектер: кедей, теңдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мінез, құлық Әбдіжәміл Нұрпейісов

Дүниеде кедейлік жоқ - өнерпазға.

Ілмектер: кедей, кедейлік, өнерпаз, дүние Міржақып Дулатұлы

Қорынып өмір сүргенше - қу кедей болып өлген артық.

Ілмектер: өмір, кедей, пайдасыздық Саиф Сараи

Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ.

Ілмектер: үміт, жас, жалғыздық, жарлы, кедей, ауру, кәрілік, өмір Жиренше шешен

Егер 35 жасыңызда сіз әлі де кедей болсаңыз – онда сіз бұған лайықтысыз

Ілмектер: жас, лайық, кедей, әрекетсіздік Джек Ма

Байдың малы қымбат, кедейдің жаны қымбат...

Ілмектер: бай, мал, кедей, жан, қымбат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Азғантай дүниесі бар адам кедей емес, көп дүние қалайтын адам кедей.

Ілмектер: кедей, дүние, қалау Сенека