Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (27) Мақал-мәтелдер (42) Ұлағатты сөздер (17)

Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан.

Ілмектер: табиғат, адам, жылу, күн Михаил Пришвин

Жүзіңізді жарқыраған күнге қаратыңыз, көлеңкені көре алмайсыз.

Ілмектер: жүз, жарық, күн, көлеңке Хелен Адамс Келлер

Боранды күні берілген уәде тынық күні ұмытылады.

Ілмектер: уәде, күн Уильям Шекспир

Тағы бір күн – тағы бір мүмкіндік.

Ілмектер: күн, мүмкіндік Ник Вуйчич

Кейде бір жамандықтан кейін екінші жамандық күтіп тұрады. Алайда оған бола өмірден түңілудің керегі жоқ. Әлі алда талай тамаша күн туатынына сеніңіз.

Ілмектер: жамандық, өмір, түңілу, сену, тамаша, күн Александр Куприн

Құлыңды көп жәбірлей берме: қожасына - бұғау салынып, құлы бостандық алатын да күн туады.

Ілмектер: құл, қожайын, күн, бостандық Саиф Сараи

Әр адамның өмірінде ұзақ күн, ұзақ түндері болады. Қысқа күн, қысқа түндері де болады.

Ілмектер: адам, өмір, күн, түн Ғабит Мүсірепов

Әрі аяз, әрі ашық күн: адам жаны ғашық күн!

Ілмектер: аяз, ғашық, күн Александр Пушкин

Аспан ашық болса,
Күн шуақты болады.
Хан әділ болса,
Халық ынтымақты болады.

Ілмектер: күн, әділ, әділдік, ынтымақ Майқы би

Мен басымнан өткерген қиыншылықтарға мойымаймын. Эрнест Хэменгуэйдің сөзіне сенер болсақ, жазушының ең керемет күндері – қиындыққа кез болған күндері.

Ілмектер: қиындық, күн, өмір Сергей Довлатов

Күнге де, ажалға да тік қарауға болмайды.

Ілмектер: күн, ажал Франсуа де Ларошфуко

Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн – сіз үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз.

Ілмектер: білім, күн Константин Станиславский

Ауыр күн де өтеді - оған сабыр шыдам қыл.

Ілмектер: күн, сабыр, шыдам Махмұд Қашқари

Алақанмен күннің көзін жаба алмайсың.

Ілмектер: күн, нақыл, афоризм Құтып

Бүгінгі күн - кешегі күннің шәкірті.

Ілмектер: күн, нақыл, афоризм Дінмұхамед Қонаев

Жез қарғылы құба арлан қорашыл төбет болған күн.

Ілмектер: төбет, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)