Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (5) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (73)

Келешектің бақыты мен құдіретті күші жолында адамзат жаратқан күллі кереметтердің ең күрделі де ұлы кереметі кітап бола алады.

Ілмектер: бақыт, күш, кітап, нақыл, афоризм, керемет, қанатты сөздер Максим Горький

Күштемеген сөз көкейге тез қонады.

Ілмектер: күш, сөз, көкей, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұзафар Әлімбаев

Адам өз күшіне толық сенгенде ғана нәтижеге жете алады.

Ілмектер: күш, сенім, нәтиже, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Людвиг Фейербах

Барлық арман саған оларды жүзеге асыруға қажетті күшпен бірге келеді.

Ілмектер: арман, күш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ричард Бах

Сіз ағашқа қарап тұрып оның алыптығы мен күшіне қайран қаласыз, ал кішкентай гүлді қош иістен басқа берері жоқ деп сөге көрмеңіз.

Ілмектер: ағаш, гүл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, алып, күш, кішкентай, қош иіс Теодор Драйзер

Мемлекеттің күштілігі мен қуаттылығы онда өмір сүретін жақсы адамдардың санына байланысты.

Ілмектер: мемлекет, қуат, күш, адам, сан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Өз күшiңе сенiмдi болу қосымша күш бередi.

Ілмектер: күш, сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Кристиан Боуви

Дөрекi күштен гөрi мейiрiм арқылы көп нәрсеге қол жеткiзесiң…

Ілмектер: дөрекі, күш, мейірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Эзоп

Дұрыс ойды тым жиi қайталаса — күшiнен айрылады.

Ілмектер: ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, күш Андре Моруа

Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың.

Ілмектер: ақыл, арыстан, күш, тышқан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махмұд Қашқари

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

Ілмектер: іс, күш, еңбек ету Мұхтар Әуезов

Бұрын күшпен жеңетін,
Қазір біліммен жеңесін.

Ілмектер: дана сөз, нақыл сөз, ұлағатты сөз, күшпен жеңу, күш, білім, біліммен жеңу, жеңіс, бүгінгі күн Али Динабеков

Күш кімде болса,
Шындық сонда.

Ілмектер: күш, шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әмір Темір

Тиісінше еңбек ету денеге күш береді, ал шектен тыс артық, немесе жеткіліксіз еңбек күшті қайтарады, немесе әлсізді әлсіз халінде қалдырады.

Ілмектер: еңбек, күш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлсіздік Әл – Фараби

Біздің өміріміздегі барлық қиындықтар, күнәлар мен қателіктер не үшін болады? Өйткені біз оларды надандық пен білместіктің салдарынан өз еркімізбен сұрап не тілеп аламыз. Ешкім күнәға әдейі бармайды, ол тек шарасыздық пен ішкі күйзелістен. Кейде мұны түсіну өте қиын болуы мүмкін, бірақ бұл рас. Дұға-тілек, терең ішкі қалау – бұл көпшілігіміз ойлағаннан да әлдеқайда күшті күш. Біз бір нәрсені қатты қалаймыз, және біздің қалауымыздың қарқындылығы оның жүзеге асырылуын тездетеді. Сондықтан бар бәле де бақ та ниет пен қалаудан басталады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, қиындық, күнә, қателік, сұрау, түсінбеушілік, Дұға, тілек, қалау, күш, ниет, бәле, Бақ Нарша Булгакбаев

Еске сақтаумен емес, өз ойыңның күшiмен қол жеткiзген бiлiм ғана нағыз бiлiм.

Ілмектер: еске сақтау, білім, ой, күш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Ғылыммен, өнермен және ғасырлар бойы өмiр тәжiрибесiмен толыққан ақыл күштi де жеңедi.

Ілмектер: ғылым, өнер, ғасыр, өмір, тәжiрибе, күш, жеңіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Виссарион Белинский

Әдебиет атомнан да қуатты, бірақ оның күшін отын жаруға қолданудың қажеті жоқ.

Ілмектер: әдебиет, күш Абдулла Қаһар

Тіпті күштің өзімен ештеңе тындыруға болмаған жағдайларда да әдеп арқылы табысқа жетуге болады.

Ілмектер: әдеп, табыс, күш Джон Леббок

Сенім — құдіретті күш: тауды да қозғайды.

Ілмектер: сенім, күш Дінмұхамед Қонаев