сайыс
ozgetil.kz

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (18) Өлеңдер (7) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (65) Ұлағатты сөздер (14) Әзіл, анекдоттар (1)

Бас көзі жұмылады, көңіл көзі жұмылмайды.

Ілмектер: Көз, көңіл Шәкәрім Құдайбердіұлы

Құлақ екеу, ауыз біреу.
Ол не үшін бұлай?
Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай.
Ауыз біреу, көз екеу – ол не үшін бұлай?
Көп көріп, аз таңдануға жаратқан оны солай.
Ауыз біреу, қол екеу – ол не үшін бұлай?
Көп жұмысшы, аз жеуші – жаратқаны ол солай.

Ілмектер: сөйлеу, көру, жаратқан, құлақ, көз Ахмет Байтұрсынұлы

Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышиды.

Ілмектер: жылау, бала, көз

Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.

Ілмектер: әйел, дүние, көз, байлық, мансап Ғабит Мүсірепов

Ақиқатты тек ақылды көздермен ғана көруге болады.

Ілмектер: ақиқат, көру, ақыл, көз Мұзафар Әлімбаев

Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.

Ілмектер: көңіл, соқыр, көз Әлихан Бөкейханов

Жұмулы көз - жүйрік ойдың алаңы.

Ілмектер: ой, көз Мұзафар Әлімбаев

Ғашық адам белгі берер түстен де —
Ол білінер көзі көзге түскенде.

Ілмектер: ғашық, Көз, адам Жүсіп Баласағұни

Біз өз көзімізге сенеміз – бірақ оларға сенуге болмайды; біз өз жүрегімізге де сенеміз – бірақ оған да сенуге болмайды. Есте сақтаңдар, шәкірттерім: ақиқатында адамды тану оңай емес!

Ілмектер: адам, көз, жүрек Конфуций

Көз көргенді ой таниды.

Ілмектер: көз, ой Ғабит Мүсірепов

Көзбен де қамшылауға болады.

Ілмектер: көз Ғабит Мүсірепов

Ғақлия көзбен қарасаң,
Дүние – ғажап, сен – есік.
Жаһлы көзбен қарасаң,
Дүние – қоқыс, сен – меншік.

Ілмектер: дүние, көз, көзқарас, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр.

Ілмектер: көз, алдау, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қуаныш, жылау Омар Хайям

Қара арғымақ арыса — қарға адым жер мұң болар,
Есіл көзден нұр тайса — бір көруге зар болар.

Ілмектер: мұң, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, көз, нұр, зар Бұқар жырау

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)