сайыс
ozgetil.kz

Ілмек бойынша іздеу


Ұлағатты сөздер (9)

Тек ақымақ адам ғана өзінің көзқарасын ешқашан өзгертпейді

Ілмектер: көзқарас Конфуций

Өзіңізге деген көзқарасыңыз, өзгелердің пікірін өзгертеді.

Ілмектер: көзқарас, пікір Соня Фридман

Қыз бен жігіттің бір-біріне бауыр басып қалуы - өмірге деген көзқарастарының бірдей болуынан басталады. Олардың ойлары әрқашан бір жерден шығады.

Ілмектер: қыз, жігіт, өмір, көзқарас, ой Агата Кристи

Жастық шағыма қарағанда мен қазір көп күлемін. Себебі адамдарға көзқарасым өзгерді.

Ілмектер: жасты, шақ, күлу, көзқарас, адам Роберт Де Ниро

Адам жиырма жасындағы көзқараспен елу жаста да қараса, онда ол өз өмірінің отыз жылын жоғалтыпты.

Ілмектер: өмір, көзқарас, жастық, қарттық, адам Мұхаммед Әли

Саясатта табысты болу – халықты өз көзқарасыңа иландырып, оларға анық, сыпайы, сабырлы әрі ашық түрде түсіндіруді қажет етеді.

Ілмектер: саясат, табысты болу, халық, көзқарас, сыпайылық, сабыр Нельсон Мандела

Ғақлия көзбен қарасаң,
Дүние – ғажап, сен – есік.
Жаһлы көзбен қарасаң,
Дүние – қоқыс, сен – меншік.

Ілмектер: дүние, көз, көзқарас, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Үлкендердің ақылы жабулы. Олар бәрін көре аламыз деп ойлайды. Бірақ олар көрмейді. Олардың заттарды көру көзқарасы алдын ала жоспарланған.

Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, көзқарас Эриксон Милтон

Сіз бірдей көзқарас пен ойлау жүйеңізді өзгертпесеңіз, туындаған проблеманы ешқашан шеше алмайсыз.

Ілмектер: проблема, шешім, көзқарас, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)