Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (14)

Мақтаншақ кісі - менмен кісі,
Менмендік - адамның міні.

Ілмектер: мақтаншақтық, менмендік Жүсіпбек Аймауытов

Барлық мақтаншақтардың басына туар күн: ерте ме, кеш пе, әйтеуір сөзсіз арандайды.

Ілмектер: мақтаншақтық Уильям Шекспир

Мақтаныш барлық адамға тән: айырмасы мұны олардың қай жерде және қашан көрсетуінде ғана.

Ілмектер: мақтаншақтық, адам Франсуа де Ларошфуко

Өзін өзі мақтау адамды кемітеді.

Ілмектер: мақтаншақтық Мигель де Сервантес

Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан шексіз көп жаман әдеттер туғызады.

Ілмектер: нәпсі, өзімшілдік, мақтаншақтық, әдет, жаман Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,
Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа,
Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан.

Ілмектер: жалқаулық, мінез, ашу, мақтаншақтық, көрсеқызар, арам, өтірік, мінез-құлық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Мақтаныш жете ойланбаудан әрі өзін өзі білмеуден болады.

Ілмектер: мақтаныш, мақтаншақтық Джозеф Аддисон

Ақымақтық пен атаққұмарлық – айырылмас достар.

Ілмектер: ақымақ, ақымақтық, атаққұмарлық, мақтаншақтық, дос Пьер де Бомарше

Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Мені осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтыламын.

Ілмектер: мақтаншақтық, атаққұмарлық Ричард Шеридан

Өзіне-өзі масаттану мен өзін-өзі дәріптеу – бақытсыздық, ол қасиеттер адамды ақымақ жасайды.

Ілмектер: мақтаншақтық, масаттану Карл Либкнехт

Шынайы мақтаныш өте ұяң да, адамдардың айыптауынан қорқады.

Ілмектер: мақтаныш, мақтаншақтық, ұят Николай Шелгунов

Алтын жалатқан қару сияқты, мақтаншақтардың да іші тысына сәйкес келмейді.

Ілмектер: алтын, мақтаншақтық Пифагор

Мақтан қума, бірақ бар күшіңмен мақтауға лайық әрекет жасауға тырыс.

Ілмектер: мақтаншақтық Ян Амос Коменский

Өркөкіректік мақтаннан бас тартқанның өзінде ештеңе жоғалтпай, ұпайын түгендеп отырады.

Ілмектер: өркөкірек, мақтаншақтық, нақыл сөздер, ұлағатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)