http://a-brands.kz/

Ілмек бойынша іздеу


Ұлағатты сөздер (13)

Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп…

Ілмектер: әдебиет, мiнез, мақтаныш Ахмет Байтұрсынұлы

Ана тілің – біліп қой, -
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің – біліп қой, -
Мақтанышың, елдігің.

Ілмектер: ана тілі, еркіндік, мақтаныш Қадыр Мырза Әли

Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.

Ілмектер: азамат, ұлт, сүю, сүйіспеншілік, мақтаныш, құрмет Бауыржан Момышұлы

Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес.

Ілмектер: ел, мақтаныш, жер, алтын Қаныш Сәтбаев

Кедейге кепесінің төбесіне шығып тұруы да үлкен мақтаныш.

Ілмектер: кедей, мақтаныш Ғабит Мүсірепов

Ерлік дегеніміз - жан дүниенің ұлы қасиеті, ержүрек атанған халық өзін мақтаныш етуге тиіс.

Ілмектер: ерлік, мақтаныш, қасиет, халық, ержүрек Николай Карамзин

Мақтаныш жете ойланбаудан әрі өзін өзі білмеуден болады.

Ілмектер: мақтаныш, мақтаншақтық Джозеф Аддисон

Ұлттық мақтаныш – сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі бұзылмас заң.

Ілмектер: ұлт, мақтаныш, қасиет Бауыржан Момышұлы

Мұғалімнің бүкіл мақтанышы - шәкірттерінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде.

Ілмектер: мұғалім, мақтаныш, шәкірт, оқушы Дмитрий Менделеев

Шынайы мақтаныш өте ұяң да, адамдардың айыптауынан қорқады.

Ілмектер: мақтаныш, мақтаншақтық, ұят Николай Шелгунов

Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.

Ілмектер: ұстаз, ғибрат, білім, ынта, талап, құштарлық, от, еңбек, мақтаныш Василий Сухомлинский

Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі — ғылым.

Ілмектер: ғылым, мақтаныш Мұхтар Әуезов

Еңбектегі табыс - бұл табысқа жеткен адамның мақтанышы. Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды.

Ілмектер: еңбек, табыс, мақтаныш, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)