Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (4)

Пайдасыз мылжың сөзді әркім айтар.

Ілмектер: мылжың, сөз, пайдасыз Міржақып Дулатұлы

Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады.
Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады.

Ілмектер: өсиет, асыл, бала, жалқау, мылжың, қыдырман Майқы би

Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан малықпас туады,
Тілазардан қалжақпас туады,
Таздан жарғақпас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.

Ілмектер: жалқау, тілазар, мылжың Майқы би

Сөз есепсіз – тіліңді тый, тарта ұста,
Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста.
Есепті сөз – ер сөзінің асылы,
Мылжың тілді жау деп ұғын тартыста.

Ілмектер: сөз, тіл, Иүгінеки, Есепті сөз, мылжың Иүгінеки Ахмед

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)