Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (3) Ұлағатты сөздер (12)

Шындық – суреткердің ұлы міндеті.

Ілмектер: шындық, міндет Бауыржан Момышұлы

Отбасылық өмір екі жастың басына көп міндеттер мен парыздар жүктейді. Әр адам соған дайын болғаннан кейін үйлену туралы шешімге келгені дұрыс.

Ілмектер: отбасы, міндет, үйлену Бернард Шоу

Әдебиеттің зор міндетінің бірі - елдің мінезін түзеу.

Ілмектер: әдебиет, міндет, ел, мінез Мұхтар Әуезов

Адамның негізгі міндеті күнелту емес, өмір сүру.

Ілмектер: өмір, міндет Джек Лондон

Бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанда соғыс рақымсыздықпен тең, ал Отан үшін күресу – бұл әркімнің міндеті.

Ілмектер: бейбіт, соғыс, отан, күрес, міндет Ги де Мопассан

Сізді ойлауға мәжбүр ететін кітап қана өз міндетін толық атқарған кітап.

Ілмектер: кітап, ойлау, міндет Дороти Паркер

Мұғалім ең жауапты міндет орындайды - ол адамды қалыптастырады.

Ілмектер: мұғалім, міндет Михаил Иванович Калинин

Жастардың бүгінгі міндеті — оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Жастар бүгін сөзден іске көшетін заман. Білімсіз істің реті болмайды. Сондықтан, жастардың жалпы назары мектепке аударылуы керек.

Ілмектер: жастар, міндет, оқу, білім, мектеп Ғани Мұратбаев

Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдaғанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.

Ілмектер: тіл, міндет Ахмет Байтұрсынұлы

Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау.

Ілмектер: бала, өмір, даму, міндет Мария Монтессори

Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі.

Ілмектер: табиғат, міндет, қорғау, жер, су, ауа, ағаш, қазына, нақыл, афоризм Ыбырай Жақаев

Бала тəрбиесі — мемлекеттің маңызды міндеті.

Ілмектер: тәрбие, бала, нақыл, мемлекет, міндет, афоризм, қанатты сөздер Платон