Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (54) Ұлағатты сөздер (16)

Бас асауға – жез ноқта.

Ілмектер: мінез-құлық Мұхтар Әуезов

Ызақор - қабаған төбет тәрізді.

Ілмектер: мінез, мінез-құлық, ызақор, ызақорлық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жақсы мінез - жомарттық.

Ілмектер: мінез-құлық, мінез, жомарттық Иүгінеки Ахмед

Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам.

Ілмектер: адам, қиянат, пейіл, мінез-құлық, мінез Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ашумен қылған іс - іс болып жаратпайды. Бойды ашуға билетпе.

Ілмектер: ашу, іс, мінез-құлық, мінез Шәкәрім Құдайбердіұлы

Көңілі жұмсақ адамның күрмеуін тағдыр шешеді.

Ілмектер: мінез, мінез-құлық, жұмсақ, тағдыр Шәкәрім Құдайбердіұлы

ЬІзақордың іші тар.

Ілмектер: ыза, ызақорлық, мінез-құлық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жаман мінез жанға опа бермес.

Ілмектер: мінез, мінез-құлық, опа Иүгінеки Ахмед

Ең зиянды адам - мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек - осы төртеуі кімнің бойында болса - сол шын адам болады.

Ілмектер: зиян, мінез, мінез-құлық, ынсап, мейірім, еңбек, пейіл Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сақ адам - сандығын бекітеді.

Ілмектер: сақтық, адам, мінез, мінез-құлық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,
Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа,
Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан.

Ілмектер: жалқаулық, мінез, ашу, мақтаншақтық, көрсеқызар, арам, өтірік, мінез-құлық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бір сүйген адамыңды мәңгі сүйіп өтуге болады. Бұл махаббаттың күшінен ғана емес, адамның мінез-құлқының тұрақтылығымен байланысты.

Ілмектер: махаббат, мінез-құлық Ілияс Есенберлин

Ізгі оймен ашқан есікті - қатты жаппа.
Жұрт қашардай - қатты болма,
Жұрт таптардай - жуас болма.

Ілмектер: мінез, мінез-құлық, өсиет, жуастық, ой Саиф Сараи

Үлкен-кіші адамнан иба кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,
Мінез-құлық бұзатын әдет жетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!

Ілмектер: заман, мінез, мінез-құлық, қыз, адам, афоризм, нақыл Қожа Ахмет Йассауи

Қайырсыз итке мал бітсе — аңқаң құрып келгенде саумал бермес ішерге.

Ілмектер: қайырсыз, мал, мүлік, мінез-құлық, адамгершілік Бұқар жырау

Іштен қыңыр туғанды тезге салсаң түзелмес.

Ілмектер: түзелу, қыңыр, мінез, мінез-құлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)