Өлеңдер бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (9)

Мұратыңа жеткенше дос пен дұшпанға сыр берме.

Ілмектер: Мұрат, дос, дұшпан Бауыржан Момышұлы

Білген, көрген болмысынан туған шындық кітабы болып шыға алса, содан арғы зорғы мұраты жоқ.

Ілмектер: кітап, мұрат Мұхтар Әуезов

Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес.

Ілмектер: байлық, мұрат, кедейлік, ұят Қазыбек Келдібекұлы

Ең қиыны - күн сайынғы, көп жылдық еңбек ерлігі. Өзіңе ерлік мұратын тауып, содан көз жазбай ілесіп отыр.

Ілмектер: еңбек, ерлік, мұрат Василий Сухомлинский

Адам кім болса да еңбек етіп, терге шома жұмыс атқаруы тиіс: өмірдің мәні мен мұраты оның бақыты мен мақсаты осында.

Ілмектер: еңбек, адам, өмір, мақсат, бақыт, мұрат Антон Чехов

Жастық адамға бір-ақ рет беріледі, мұның басқа жас кезеңдерінен ерекшелігі — барлық әдемілік атаулымен асқаралы мұратқа бір табан жақындығы.

Ілмектер: жастық шақ, мұрат, әдемілік Виссарион Белинский

Жастық армандамаса, адам өмірі бір нүктеде қатып қалар еді, міне содан да жастық қиялының жарқ-жұрқ еткен қабығы ішінде ұлы-ұлы мұраттардың дәні көзден таса құпия өсіп-өніп шыққан ғой.

Ілмектер: жастық шақ, арман, қиял, мұрат Константин Ушинский

Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу - аш түйенің күйсеуі сыңды дәрменсіздік.

Ілмектер: заман, мұрат, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Байлық - барлық болғанда, өнер - мұрат. Байлықтан мұрат шықпаған. Ал, мұрат - тірлік.

Ілмектер: мұрат, байлық, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов