Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (2863)

Тақтан тайған адамның бағы таяды.

Ілмектер: тақ, бақ, нақыл, афоризм Мырзатай Жолдасбеков

Қит етсе болды, Америкалап шыға келетін аура етек алды. Бұл өзі мегежіннің інгенмен бой салыстырғанындай.

Ілмектер: Америка, нақыл, салыстыру, афоризм Асқар Сүлейменов

Саясат безбеншісі - ел.

Ілмектер: саясат, ел, нақыл, афоризм Нұрсұлтан Назарбаев

Жазба деректерге көзсіз сену – тарихнаманың ғылымнан айырмашылығы осында жатыр.

Ілмектер: тарих, ғылым, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Алған ұмытар, берген ұмытпайды. Қазақстанның психологиялық халі: аз да болса алғанын ұмытпайды, мол болса да бергенін ұмытады. Кең қолтықтың бір ірілігі.

Ілмектер: нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Білім - біліммен, мінез - мінезбен. Көп оқыса, зейінді болса - білімді болмақ, ал мінезі жақсы бола ма әлде жаман бола ма - мұны құдай біледі.

Ілмектер: білім, мінез, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Кездейсоқтықтың да себебі болады.

Ілмектер: Кездейсоқтық, себеп, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Ханға ақыл айтамын деп, Бұқар жырау қартайғанда қайыршының күнін кешті. Ақылың болса, ханға ақыл айтпа!

Ілмектер: хан, ақыл, қайыршы, нақыл, афоризм Мырзатай Жолдасбеков

Досын оққа қиған жанға,
Елін қию сөз боп па?
Дос көңілін ұсынғанның бәрінен,
Достық шыға бермейтінін ұмытпа!

Ілмектер: адам, нақыл, дос. Мұхтар Шаханов

Отқа күймей, оқ тимей жаралымын,
Қашан тарқайды нала-мұңым?!

Ілмектер: жаралымын, нақыл, адам Қалқаман Сарин

Жағымпаздық бұл заманда басты өнер,
Шындық оған бола алмай жүр тас кемер.
Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес,
Арын сатқан жағымпазды ескерер.

Ілмектер: Шындық, адам, нақыл Мұхтар Шаханов

Тұрады көкірігіме күйік толып,
Жүремін кейде жанып, кейде тонып.
Күні бойы мазам кетіп қиналамын.
Көрінсем біреулерге биік болып.

Ілмектер: нақыл, адам Мұқағали Мақатаев

Амалың не, тасты соқпақ кештің бе?!
Амалың не, жанбай жатып өштің бе?!
Тек басыңды жоғары ұста өлсеңде,
Тек өзіңді мүсіркетпе ешкімге!

Ілмектер: нақыл, адам, мүсіркеу Мұхтар Шаханов

Бәріне жауапты өзің! Атқарған ісіңе де, жете алмаған мақсатыңа да... Өзгеге емес, тек қана өзіңе сен...

Ілмектер: адам, нақыл Әкім Ысқақ

Адам неғұрлым сабырлы болса, соғұрлым саналы!

Ілмектер: нақыл, адам, Сабыр

Адамдардың жаны менен жүрегін,
Ойлайтын ем, бір кісідей білемін.
Ажырата алмай шуағы мен түнегін,
Танығанға мәз болыппын іреңін.

Ілмектер: адам, нақыл Мұқағали Мақатаев

Адам тағдыры-үйренумен, үлгі алумен, қорытынды шығарумен шешіледі. Адам да гүл тәрізді. Шуақтық, жылылық, нәзіктік құлпырта түседі. Суықтық, ызғарлық, іштарлық демде пендені тікенге айналдырады.

Ілмектер: адам, нақыл Әкім Ысқақ

Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.

Ілмектер: білім, нақыл, афоризм Ахмет Байтұрсынұлы

Дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық, дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады.

Ілмектер: Дәрігер, тәрбиеші, нақыл, афоризм Жүсіпбек Аймауытов

Мұғалімнің ең жауапты міндеті – ол адамды қалыптастыру.

Ілмектер: мұғалім, нақыл, афоризм Дмитрий Менделеев