Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (19)

Не ойлауды емес, қалай ойлауды үйреткен ата-анама алғысым шексіз.

Ілмектер: ойлау Ричард Докинз

Сен туралы не ойласа да, сен әділетті деп санайтын ісіңді жасай бер.

Ілмектер: Әділет, ойлау Пифагор

Егер пойызбен жүрмейтін болсаңыз, оның жылдам не баяу жүруіне бас қатырмайсыз.

Ілмектер: бас қатыру, ойлау, пойыз Маргарет Тэтчер

Адамдар өз-өздерін депрессияға ұшыраған кезде ойлайды.

Ілмектер: адам, депрессия, ойлау Михаил Литвак

Сізді ойлауға мәжбүр ететін кітап қана өз міндетін толық атқарған кітап.

Ілмектер: кітап, ойлау, міндет Дороти Паркер

Жеке өз басым қаймақ қосылған бүлдіргенді жақсы көремін, алайда, неге екен белгісіз, балық құрттарды жақсы көреді. Сондықтан да, балыққа бара жатқанда өзімнің жақсы көретінімді емес, балықтың жақсы көретінін ойлап барамын.

Ілмектер: балық, қаймақ, жақсы көру, ойлау Дейл Карнеги

Бұлт шықса - бағбан бақшасын ойлайды.

Ілмектер: бұлт, ойлау, бағбан Құтып

Кітап оқуды қойған адам ойлауды да қояды.

Ілмектер: кітап, ой, ойлау Дени Дидро

Егер ойлана алатын болсаң, онда үлкен нәрселерді ойла!

Ілмектер: ойлау, қабілет, жалығу Дональд Трамп

Ойла, ойла! Ойға тойма!

Ілмектер: ой, ойлау Бернияз Күлеев

Өз басыңды ғана ойласаң, елдің қамын кім жейді?

Ілмектер: ойлау, нақыл сөз Мырзатай Жолдасбеков

Ақыл-парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш.

Ілмектер: ақыл, парасат, ойлау, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Сіз бірдей көзқарас пен ойлау жүйеңізді өзгертпесеңіз, туындаған проблеманы ешқашан шеше алмайсыз.

Ілмектер: проблема, шешім, көзқарас, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

Егер кім де кім эрудициясы мен білімділігін басқалардан артық көріп, мұрын шүйірсе, ойлау дәрежесінің төменгі деңгейде болғаны.

Ілмектер: эрудиция, білім, нақыл, афоризм, ойлау, қанатты сөздер Эрнест Хемингуэй

Алға сап жауап бермеңіз – арғы түбін ойламай.

Ілмектер: жауап, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Ұлы істерді ойласпайды, бастайды.

Ілмектер: іс, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бальтасар Грасиан

Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдыру ең қиын нәрсе.

Ілмектер: ой, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте

Егер сіз бір нәрсеге сенімді болсаңыз немесе қандай да бір нәрсемен келіспейтін болсаңыз, онда өз пікіріңізді сақтап қалғаныңыз дұрыс, өйткені жұмыс барысында ойлау ерекшелігі әрқашан бағаланады.

Ілмектер: ой, пікір, ойлау Анна Винтур