Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (22) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (36)

Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талмай талап ізденеді,
Осыдан кеп шығады адамшылық.

Ілмектер: сабыр, шыдамдылық, адамгершілік Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бір сөзге сабыр ете алмаған көп сөз есітеді.

Ілмектер: сөз, сабыр Ахнәф бин Қайс

Тоқтау — сабыр лайық нәпсі тиып.

Ілмектер: тоқтау, сабыр, нәпсі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық.

Ілмектер: ақыл, ой, талап, сабыр, халық, арман, ар, өмір, сыйластық Төле би Әлібекұлы

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкiм қалап.
Терең ой, терең ғылым iздемейдi,
Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап.

Ілмектер: Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, ой, ғылым, өтірік, өсек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Өзiн сабырға жеңдiрген адам, ашуға бой алдырған адамнан күштiрек.

Ілмектер: сабыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, күшті, адам, ашу, жеңу Марк Аврелий

Сабыры жоқ мынау сойқан көңілге, Сарсаңдықтың азабы да аз бірақ...

Ілмектер: азап, сабыр, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гүлманат Әуелхан

Пайғамбарымыз Мұхаммедті, исламды жұрты ұрып-соқты, тілімен балағаттады. Ол бәріне де шыдады, жеңді. Шыдам мен сабыр — ең күшті қару.

Ілмектер: Шыдам, сабыр, қару, Пайғамбар, Мұхаммед, тіл, ислам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы

Жұрттың өзi туралы не айтатынын естiген адам сабырлы бола алмайды.

Ілмектер: жұрт, сабыр, есту, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Ақыл — адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.

Ілмектер: ақыл, адам, Сабыр Мұхтар Әуезов

Төзімділік дене қуатынан гөрі, сабырлылық әдеміліктен гөрі қайырлы.

Ілмектер: Төзімділік, дене, қуат, сабыр, әдемілік, қайыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Өміріңде кездескен кез-келген адамды немесе бағалы затты, басқа ешкім, ешнәрсе оның орнын баса алмайды деп қарама, осы көзқараста мықты болсаң болашақта асылыңнан айырылып қалсаң да сабырлы бола аласың.

Ілмектер: Өмір, Джек Ма, болашақ, адам, Сабыр Джек Ма

Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.

Ілмектер: сабыр, сабырлық, дұшпан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сабыр, есеп керек, өмір әуеніне үйлесе білу керек.

Ілмектер: Сабыр, есеп, өмір, әуен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Кейде сырты қаншалықты сабырлы болса, іші соншалықты буырқанысқа толы құбылыстар кездеседі.

Ілмектер: сабыр, құбылыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жак Деррида