Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (14)

Сананы тұрмыс билейді.

Ілмектер: сана, тұрмыс Цицерон

Тамақты тарта жесең санаңды ашар,
Көп жесең ұйқы басар.

Ілмектер: тамақ, ұйқы, сана Фрэнсис Бэкон

Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.

Ілмектер: адам, сана Омар Хайям

Адамның ойы ұшқыр болатындықтан, санаңызды ұлы ойлармен қоректендіріңіз.

Ілмектер: адам, ой, сана, ұлы Бенджамин Дизраэли

Өз сана-сезіміңізді өзгерте отырып, Сіз өз Әлеміңізді жасайсыз.

Ілмектер: сана, сезім, әлем Уинстон Черчилль

Түзу жүрсең, түңілген жаныңда еңсеңді көтерер, сары уайымды ойыңа алмасаң, санамен де сарғаймассың.

Ілмектер: уайым, сана, ой, түңілу Викентий Вересаев

Нақты не қалайтыныңызды елестете алған кезіңізде, бұл сіздің санаңыз бен денеңізді мақсатыңызға жету үшін программалай бастайды. Өз шектеулерімізден асып шығу үшін бұдан да зорына лайықты екенімізді сезіне алуымыз керек. Сол кезде шынайы өмір сіздің үмітіңізді ақтайды.

Ілмектер: қалау, мақсат, өмір, сана, дене, сезім, үміт Энтони Роббинс

Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді.

Ілмектер: сана, еңбек, бақыт Константин Ушинский

Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі.

Ілмектер: тіл, ұлт, салт, сана Бауыржан Момышұлы

Бірқалыпты тіршілікке үйреніп қалған адам ауық-ауық ой-санасын қалдықтардан тазартып отыруы керек.

Ілмектер: ой, сана, тіршілік Пауло Коэльо

Әлемге толса көкірек - ашылар кезі сананың.

Ілмектер: көкірек, сана, нақыл, афоризм Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Салт-сананың негізі - елдің қолданған кәсібінде.

Ілмектер: салт, сана, кәсіп, афоризм, нақыл Міржақып Дулатұлы

Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін.

Ілмектер: қадір, қасиет, сана, су, ел, нақыл, афоризм Асан қайғы


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)