Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (10)

Берместің қолы бермеске бекем келер.

Ілмектер: сараң, сараңдық Иүгінеки Ахмед

Сараң - малдың құлы.

Ілмектер: сараң, мал, құл Иүгінеки Ахмед

Дүниенің малын жыйса да сараң тоймайды.

Ілмектер: дүние, мал, сараң Иүгінеки Ахмед

Сараңның жиған малы - арам.

Ілмектер: сараң, мал, арам Иүгінеки Ахмед

Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін.

Ілмектер: сараң, парақор, іс, үй Майқы би

Сараң санға қосылмас.

Ілмектер: сараң, сараңдық Махмұд Қашқари

Дүниеде махаббат болмаса, табиғаты сараң кісі бұрынғысынан да сараң, ал жаратылысы қатты адам одан да қатулана түсер еді.

Ілмектер: дүние, махаббат, сараң, қатты, қатал Ілияс Есенберлин

Барлық адамның жүрегінде жомарттарға деген махаббат, сараңдарға деген жиіркеніш сезімі болады.

Ілмектер: Жомарт, сараң, адам, сезім, Қоғам Яхия бин Муаз Рази

Сараңнан бір тілім нан сұрағанша - аштан өлген жақсы.

Ілмектер: сараң, сараңдық, нан, нақыл, афоризм Құтып

Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.

Ілмектер: парақор, пара, сараң, сараңдық, үй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Майқы би

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)