Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (16)

Саясат — жоқты бар ету өнері.

Ілмектер: саясат Отто фон Бисмарк

Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.

Ілмектер: тәуелсіздік, жұрт, бостандық, теңдік, саясат, тарих Әлихан Бөкейханов

Саясат пердесін жамылғанымен саясатқа сия бермейтін жайларды түсінуге әйел ойы зерек келеді.

Ілмектер: саясат, әйел, ой, зерек Ғабит Мүсірепов

Күштілердің қайырымдылығы көбінесе алпыс айлалы саясат болып табылады, ол саясаттың мақсаты - халықтың махаббатын жаулап алу.

Ілмектер: қайырымдылық, саясат, мақсат, халық Франсуа де Ларошфуко

Саясатта жүрек болмайды, тек қана бас болады.

Ілмектер: саясат, жүрек, бас Наполеон Бонапарт

Саясат — нақтылы емес ғылым.

Ілмектер: саясат, ғылым Отто фон Бисмарк

Саясат — сасып кеткен жұмыртқа.

Ілмектер: саясат Александр Суворов

Саясаттың ең соңғы мақсаты - соғыс.

Ілмектер: саясат, соғыс Адольф Гитлер

Саясатта табысты болу – халықты өз көзқарасыңа иландырып, оларға анық, сыпайы, сабырлы әрі ашық түрде түсіндіруді қажет етеді.

Ілмектер: саясат, табысты болу, халық, көзқарас, сыпайылық, сабыр Нельсон Мандела

Халық бүлінсе - саясат түзейді.

Ілмектер: халық, саясат Жүсіп Баласағұни

Біз жақсы адамдардың саясатта жолы болмайды деген түсінгі бар әлемде өмір сүріп жатырмыз.

Ілмектер: Дональд Трамп, жақсы, саясат, Әлем, Қоғам Дональд Трамп

Саясатта белгілі бір жетістікке жету үшін жынмен де келісімге келуге болады. Бірақ ең соңында жетістікке жын емес өзің жететініңе сенімді бол.

Ілмектер: саясат Карл Маркс

Саясаттың негізгі мақсаты - адам, қоғам, ел қамы.

Ілмектер: адам, қоғам, саясат, нақыл, афоризм Нұрсұлтан Назарбаев

Саясат безбеншісі - ел.

Ілмектер: саясат, ел, нақыл, афоризм Нұрсұлтан Назарбаев

Крестьяндарды қазақ даласына үйіп-төгіп қоныстандыра берсе, тың жердің түгел жыртылары хақ. Ал қазақ даласы тыңынан айрылған соң, тұлдырсыз бедеу қалады да, егін өспейтін болады... Қазақ даласының тамаша шүйгін жайылымдарының топырағы көкке ұшқан соң, дала шөлге айналады, сөйтіп, крестьян айтақырға отырып қалады, ал жайылымнан айрылған қазақ әбден азып-тозып, ақыры жаңа тұрмыстың жағдайымен пролетариат қамытын киіп, тау-кен заводтарына, қалаға кетеді

Ілмектер: қазақ даласы, саясат, Әлихан Бөкейхан, пролетариат Әлихан Бөкейханов

Елден ғалымдар, инженерлер, дәрігерлер, ақыл-ой иелері кетсе, сол елдің сәні – интеллигенция құриды. Ондай елде бизнесмендер билікке келеді, көшедегі кім көрінген саясаткер атанады. Ал әртістер мен спортшылар, базардағы алыпсатарлар депутат болады.

Ілмектер: саясат, ел, Қоғам, интеллигенция Харс Йенсен