Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (15)

Сын - шын болсын, шын сын болсын.

Ілмектер: сын, шын Мұхтар Әуезов

Достық - асықпай өсетін өсімдік секілді. Ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек.

Ілмектер: достық, сын Джордж Вашингтон

Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.

Ілмектер: азамат, сын, ерлік, елдік Мұхтар Әуезов

Орынды сын ойлантпай қоймайды

Ілмектер: сын, сын айту Дінмұхамед Қонаев

Сын адамды қарық етеді, ал талдау керісінше адамның көзін ашады

Ілмектер: сын, талдау, адам, көз ашу Роберт Кийосаки

Әйел - үйдегі ырысың,
Ұл - айбарлы қылышың.
Қыз - түздегі өрісің,
Келін - кеңейген тынысың.
Олақ - міншіл,
Қызғаныш - күншіл.
Сырғақ - сыншыл,
Бос сөз - былшыл.

Ілмектер: ырыс, әйел, ұл, қыз, келін, қызғаныш, сын Ескелді би Жылгелдіұлы

Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.

Ілмектер: жігіт, сын Мұхтар Әуезов

Ессіз адам көп сөйлейді, бірақ ештеңе тындыра алмайды. Ал есті адам аз сөйлеп, көп нәрсе тындырады. Сол себепті ессіздер әрдайым сынап-мінеп жүреді.

Ілмектер: ес, адам, сөз, сөйлеу, сынау, сын Михаил Литвак

Аттың сыны: ескек желіс, емен бел.

Ілмектер: ат, сын Жанақ Сағындықұлы

Қазақ елі - өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.

Ілмектер: қазақ, ел, мұң, сын, тіршілік Ғабит Мүсірепов

Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.

Ілмектер: сөз, сын, жазушы, сыншы Ахмет Байтұрсынұлы

Сын адамды қарық етеді, ал талдау керісінше адамның көзін ашады.

Ілмектер: сын, талдау, адам Роберт Кийосаки

Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын.

Ілмектер: сын, қасиет, нақыл, афоризм Дінмұхамед Қонаев

Ақиқаттан атап кету — арға сын.

Ілмектер: ақиқат, ар, сын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев

Жігітті шешенсінген — дауда сына, есерді батырсынған — жауда сына.

Ілмектер: жігіт, шешен, дау, сын, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)