http://a-brands.kz/

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (25)

Адамның шын мағынасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт.

Ілмектер: адам, адамгершілік, сүю Мағжан Жұмабаев

Өз ұлтын сүю - өзге ұлтты жек көру емес.

Ілмектер: ұлт, сүю, жек көру Бауыржан Момышұлы

Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.

Ілмектер: азамат, ұлт, сүю, сүйіспеншілік, мақтаныш, құрмет Бауыржан Момышұлы

Күйгенімнен - сүйгенім көп.

Ілмектер: күю, сүю Мұхтар Әуезов

Бақыт тек қана бізді сүйетін және үнемі күтетін жерде ғана.

Ілмектер: бақыт, сүю, күту Михаил Лермонтов

Әйелдер танымайтын жандарды ғана сүйеді.

Ілмектер: әйел, жан, сүю Михаил Лермонтов

Әкем маған жұмысты сүюді емес, жұмыс істеуді үйретті.

Ілмектер: әке, жұмыс, сүю Авраам Линкольн

Сүю һәм сүйікті болу қандай орасан бақыт!

Ілмектер: сүю, сүйікті, бақыт Антон Чехов

Адам сүю, күю, азап шегу үшін жаралады екен.

Ілмектер: адам, сүю, күю, азап Жүсіпбек Аймауытов

Әйелің — көңілдесің емес, бүкіл ғұмырлық досың, әрі серігің, демек, оны біз егде тартқан әйел болған шағында да, кемпір болған кезінде де сүюге ерте бастан ойланып, дағдылана білуіміз ләзім.

Ілмектер: әйел, дос, кемпір, сүю Виссарион Белинский

Адам мың рет ғашық болуы мүмкін, бірақ бір рет қана сүйеді.

Ілмектер: ғашық, ғашықтық, сүю Александр Куприн

Шын сүйе білетін барлық әйел – патшайым.

Ілмектер: әйел, патшайым, сүю Александр Куприн

Өз Отанын жан тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы.

Ілмектер: отан, сүю, адамшылық Виссарион Белинский

Өзіңізге ұнаған нәрсеге қол жеткізуге тырысыңыз, әйтпесе, қолыңыздағы барын сүюге тура келеді

Ілмектер: тырысу, сүю Бернард Шоу

Әйелді қанша аз сүйсек,
Соншама жеңіл ұнаймыз.

Ілмектер: әйел, ұнау, сүю Александр Пушкин

Адам біреуді сүйер болса, оны кәусар суындай таза, гауһар тас сәулесіндей мөлдір ләззатпен сүюге тиісті. Сөйтсе ғана ол өзінің де, жақсы көрген адамның да арман мүддесін адал сақтайды, кір жұққызбайды.

Ілмектер: махаббат, сүю, адалдық, арман Ілияс Есенберлин

Шын махаббат бар да, махаббатпен ойнау бар. Шын жақсы көру – өмір бақи сәулесін, сұлулығын жоғалтпайтын гауһар тас. Кімде-кім шын сүйсе, өз сезімін қадірлейді, өйткені оның ләззаты ыстық жүректен туған. Ал жүректі ауыстыра алмайсың.

Ілмектер: махаббат, сүю, жүрек Ілияс Есенберлин

Олар тек өлгендерді сүйе білер.

Ілмектер: өлік, сүю Александр Пушкин

Ұстаз болу, яғни жақсы оқытушы болу үшін, оқытатыныңды да сүюің керек.

Ілмектер: ұстаз, сүю, оқытушы Василий Ключевский

Кім мықты, сонымен шынық. Сүюге болмайтын болса да сүй. Басқалар осалдық танытқан жерде, мықты бол. Сонда ғана жеңілістің дәмін татпайсың, әрқашан жеңесің.

Ілмектер: жеңіс, мықтылық, сүю Брюс Ли


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)