Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (26) Өлеңдер (53) Жоспарлар (8) Мақал-мәтелдер (437) Ұлағатты сөздер (229) Әзіл, анекдоттар (1)

Ақымақ әрбір сөзге сүрінеді.

Ілмектер: ақымақ, сөз, сүріну, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Сөздің маңызы кетіп, самалы қалды.
Адамның жақсысы кетіп, жаманы қалды.

Ілмектер: адам, жақсы, жаман, сөз, самал Мөңке би

Күштемеген сөз көкейге тез қонады.

Ілмектер: күш, сөз, көкей, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұзафар Әлімбаев

Адамның деңгейі өскен сайын бейәдеп сөздерді айту ақылға сыймайтын нәрсеге айналады.

Ілмектер: адам, деңгей, әдеп, сөз, ақыл, нақыл, тәрбие, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Сөз — баста быжынап жатқан сансыз ойдың күңгірт көлеңкесі ғана.

Ілмектер: сөз, көлеңке, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Теодор Драйзер

Көптеген дана адамдар сөзге сараң болғанмен, жүзi жарқын.

Ілмектер: дана, адам, сараң, сөз, жарқын, жүз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон

Ақылды адамдардың сөзi көрiктi де, сүйкiмдi болады.

Ілмектер: ақыл, адам, сөз, көрік, сүйкімді, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Би болмаған би болса,
Айтылмаған сөз қоймас.

Ілмектер: би, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Үмбетей Жырау

Ақиқат қашанда ащы, оны айта білу одан да ауыр. Соны біле тұра, көлгірсіп, өтірік мақтау айтуға әуестік ше? Шын сөз сұлу емес, ал сұлу сөз ақиқат емес.

Ілмектер: ақиқат, ащы, ауыр, өтірік, мақтау, сөз, шылу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жолтай Жұмат-Әлмашұлы

Егер қолыңнан келсе қайда да болса халқың үшiн жақсылық қыл. Сөзiң де, қылығың да жақсы болсын.

Ілмектер: халық, жақсылық, сөз, қылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Сөздi iске айналдыру iстен сөзге көшкеннен әлдеқайда қиын.

Ілмектер: сөз, іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Максим Горький

Жақсыға айтқан сөзiң ем болады,
Ақылы надандардың кем болады.
Жамандарға насихат айтқан сөзiң,
Жаңғырыққан шорменен тең болады.

Ілмектер: сөз, жақсы, ақыл, надан, кем, жаман, насихат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті.

Ілмектер: тіл, сөз, ой, ақыл, адам, қасиет Ғабиден Мұстафин

Естіге айтқан ақыл сөз - шыңға тіккен тумен тең,
Ессізге айтқан ақыл сөз - құмға сіңген сумен тең.

Ілмектер: ақыл, сөз, су, құм, ту Майқы би

Сөзіне қарай кісі ал, Кісіге қарап сөз алма

Ілмектер: сөз Абай Құнанбайұлы

Естіге айтқан тура сөз,
Шыңға тіккен тумен тең.
Езге айтқан тура сөз,
Құмға сіңген сумен тең.

Ілмектер: сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Майқы би

Ойланбастан сөйлей салсаң, ойыңдағыны ашып айттың деген сөз.

Ілмектер: ой, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу

Адам баласының ең қажет екі қасиеті — ақыл-оймен сөз.

Ілмектер: ақыл, ой, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қасиет Плутарх

Көкірегімде шындықтың шамын жақты,
Тіл безесем — сөздерім жалын шашты.

Ілмектер: көкірек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жалын, сөз Жүсіп Баласағұни

Сөздің жаны бар, әр сөзі аузға Алла салады. Баршамыз сөзің қадірін түсінуді жазсын.

Ілмектер: сөз, қадір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын