Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (229) Ұлағатты сөздер (19) Әзіл, анекдоттар (1)

Тамаққа деген сүйіспеншіліктен шынайырақ сүйіспеншілік жоқ шығар.

Ілмектер: сүйіспеншілік, тамақ Бернард Шоу

Тамақты тарта жесең санаңды ашар,
Көп жесең ұйқы басар.

Ілмектер: тамақ, ұйқы, сана Фрэнсис Бэкон

Артық тамақ шашты ағартып қинайды,
Ал қанағат ұзақ ғұмыр сыйлайды.

Ілмектер: тамақ, қанағат, ғұмыр Уильям Шекспир

Біз Африкаға дәрі-дәрмек жіберетін боп шештік. Бірақ бәрінің қорабында "Тамақтан соң ішу керек" деген жазу болды.

Ілмектер: Африка, тамақ, дәрі-дәрмек Чарльз Буковски

Қазансыз алтын ошақтан,
Қара су қайнатқан мосым артық.
Қаңыраған алтын ордадан
Қара көжеге тоятын қосым артық.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Саулық тілесең — көп жеме.

Ілмектер: ас, тамақ, денсаулық Әлішер Науаи

Ғұмырыңды ұзартқың келсе, тамақты тарта іш.

Ілмектер: өмір, тамақ Бенджамин Франклин

Саулығымды сақтаймын десең аз же, бірақ уақытылы же.

Ілмектер: саулық, денсаулық, тамақ, ас Саиф Сараи

Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады.

Ілмектер: еңбек, тамақ Ыбырай Алтынсарин

Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,
Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар.
Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар,
Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар.

Ілмектер: адам, өмір, абырой, кәрілік, бай, ас, тамақ, жұрт Шал Құлекеұлы

Қу тамақтың қамы болмаса - құс тұзаққа түспес еді.

Ілмектер: тамақ, еңбек, құс, тұзақ Саиф Сараи

Қазан көп қайнаса - ас бұзылады.

Ілмектер: қазан, ас, тамақ Құтып

Біздің жеген тамағымыз бізге пайдалы дәрі, ал дәрі – тамағымыз болу керек.

Ілмектер: тамақ, дәрі, денсаулық Гиппократ

Асқа ең жақсы дәмдеуіш - аш қарын.

Ілмектер: ас, тамақ, дәмдеуіш Сократ

Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.

Ілмектер: жұмыс, тамақ, тоқтық, адам Абай Құнанбайұлы

Өмірде дана секілді сүргің келсе, екі басты қағиданы жаттап ал: әр нәрсені жегенше, аш қалған дұрыс; әркіммен өмір сүргенше, жалғыз болған дұрыс.

Ілмектер: өмір, қағида, ереже, тамақ, жалғыздық Омар Хайям

Берілі таудан аспаған, бедеуге қамшы баспаған, алысқа сапар шекпеген - ат қадірін білмейді; жақсы тамақ ішпеген, жайлы орынға түспеген - жат қадірін білмейді; қыста соғым соймаған, қозы етіне тоймаған - ас қадірін білмейді.

Ілмектер: ас, тағам, жат, сапар, қадір, нақыл, афоризм, соғым, тамақ Би-шешендер


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)