Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (14) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (39) Ұлағатты сөздер (9)

Топырақ тау болмайды.

Ілмектер: топырақ, тау Қорқыт ата

Тауларды аласартпай - даланы биіктетейік.

Ілмектер: тау, дала, биік, ынтымақ, бірлік Олжас Сүлейменов

Мен сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, ешкінің мүйізінен, анамның оюынан үйрендім.

Ілмектер: сурет салу, тау, бұлақ, ана, ою, үйрену Әбілхан Қастеев

Асқардан биік тау болмас –
Басына балапан ұшып қона алмас.
Бүркіттен қыран құс болмас –
Бауыры жайылмай бөрі алмас.

Ілмектер: тау, қыран, табиғат, нақыл сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Табиғаттың қатесін түзеткім келеді - тауы жоқ елдерге тау үлестіргім келеді.

Ілмектер: тау, табиғат, нақыл, афоризм Мұзафар Әлімбаев

Асқар тау сенде бір мін бар-
Асу бермейсің;
Тасқын су, сенде бір мін бар-
өткел бермейсің;
Билер, сендерде бір мін бар-
Басқаға сөз бермейсің!

Ілмектер: мін, сөз, тау, су Әйтеке би

Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетеді.

Ілмектер: су, нақыл, күш, тау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Аспаннан биік тау болмас.

Ілмектер: тау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, биік Бұқар жырау

Су шықпас қазғанменен тау басынан,
Қазақтың дау кетпейді сау басынан.
Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса,
Ер жігіт жаңылады тәубасынан.

Ілмектер: су, тау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қазақ, дау, жолдас, сыр, тәуба Ақан Сері Қорамсаұлы‎

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)