Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Мақал-мәтелдер (223) Ұлағатты сөздер (5)

Қазансыз алтын ошақтан,
Қара су қайнатқан мосым артық.
Қаңыраған алтын ордадан
Қара көжеге тоятын қосым артық.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ

Арам табақтан адал ас өтпейді.

Ілмектер: арам, тағам, ас Жанақ Сағындықұлы

Мен күрішке тек тағамдық дән деп қарамаймын. Ата-бабамның, атамекенімнің байырғы дақылы деп қараймын. Сондықтан жақсы көремін.

Ілмектер: күріш, дән, тағам Ыбырай Жақаев

Халқыңызды бақытты еткіңіз келсе, екі нәрсенің біреуін жасауыңыз тиіс. Оларды қанағаттандыратын нәрсені беріңіз: үздік тағам, үздік киім, үздік тұрғын-үй. Егер бұған мүмкіндік болмаса, осы жағдайда жетуге болатын жолды көрсетіңіз.

Ілмектер: халық, бақыт, үздік, үй, тағам, киім Ли Куан Ю

Берілі таудан аспаған, бедеуге қамшы баспаған, алысқа сапар шекпеген - ат қадірін білмейді; жақсы тамақ ішпеген, жайлы орынға түспеген - жат қадірін білмейді; қыста соғым соймаған, қозы етіне тоймаған - ас қадірін білмейді.

Ілмектер: ас, тағам, жат, сапар, қадір, нақыл, афоризм, соғым, тамақ Би-шешендер


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)