Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (144) Өлеңдер (79) Жоспарлар (29) Мақал-мәтелдер (353) Ұлағатты сөздер (217)

Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын.

Ілмектер: халық, тіл, ана тілі, жастар, білім, мәдениет, тіл туралы Ахмет Жұбанов

Тіліңді тый – тісің сынбайды.

Ілмектер: тіл, тіс, сөз, тіл туралы Иүгінеки Ахмед

Тіріде – жанға тыным жоқ, қызыл тілде буын жоқ.

Ілмектер: тіл, тіл туралы, Өмір Базар Оңдасұлы

Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.

Ілмектер: тұрмыс, тіл, мінез, халық, афоризм, нақыл Әлихан Бөкейханов

Орынды сөйлейтін адам кешірім сұрауға мәжбүр болмайды.

Ілмектер: адам, cөз, кешірім, тіл Фатих Сұлтан Мехмед

Әліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы.

Ілмектер: тіл, әліп-би, әліппе, әліпби Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – жазба жәдігерлерде таңбаланбаған әлем жылнамасын сақтаушы құрал.

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Түркі сөздерін қабылдауға әдетте орыс тілі бейім келеді. Дәл орыс тіліндегідей ешбір басқа тілде түркизмдер өз қалпында сақталмайды. Тіл мамандары моңғол тіліне енген түркизмдер адам танымастай болып өзгеріп кететінін айтады.

Ілмектер: тіл, түркизм, орыс тілі, моңғол тілі Олжас Сүлейменов

Қазақ тілі бай, таза іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз… Бірақ құр бай, таза деумен тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді таза да, бай болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық… Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұлдардың да оқып қайтқандарымыз бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр… Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша болсын дегенде бұлардың бәрінің негізі “Тіл құралы” екенін ұмытпасқа керек

Ілмектер: тіл, қазақ тілі, тіл құрамы, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы

Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті.

Ілмектер: қазақ тілі, тіл, нақыл, афоризм Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Дүниедегі ең асыл тіл — араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары — қазақ тілі.

Ілмектер: тіл, араб тілі, қазақ тілі, түрік тілі, нақыл, афоризм Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Қазақ тілі … өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді… қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл.

Ілмектер: қазақ тілі, тіл, нақыл, афоризм Бауыржан Момышұлы

Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық.

Ілмектер: байлық, тіл, нақыл, афоризм Ғабиден Мұстафин

Ана тілі
Ананың құнар сүті ғой,
Ғұмыр бойы сен еметін.
Ана тілі
Халқыңның ырыс-құты ғой,
Игілігіңе кенелетін.

Ілмектер: ана тілі, тіл, нақыл, афоризм Мұзафар Әлімбаев

Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл.

Ілмектер: тіл, руханият, нақыл, афоризм Әбіш Кекілбай

Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған.

Ілмектер: қазақ тілі, тіл, тарих, нақыл, афоризм Бауыржан Момышұлы

Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік.

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм Константин Паустовский

Нағыз түрік затты халық тілі – біздің қазақта.

Ілмектер: қазақ, тіл, нақыл, афоризм, түрік, халық тілі Әлихан Бөкейханов

Ақылы қысқаның тілі ұзын.

Ілмектер: ақыл, тіл, нақыл, афоризм Аристофан

Көрінеді тілден түйсік, білімде
Біле білсең жарылқаушы – тіліңде.

Ілмектер: тіл, білім, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни