Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (10)

Оқу — ой азығы,
Жаттығу — тән азығы.

Ілмектер: оқу, ой, жаттығу, тән Джозеф Аддисон

Ақылға сындарлы ой қандай қажет болса, тәнге сұлулық та сондай қажет болады.

Ілмектер: ақыл, тән, сұлулық, ой Франсуа де Ларошфуко

Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі — сергек әрі жайдарман көңіл күйі.

Ілмектер: тән, сұлулық, көңіл-күй Кристофер Якоб Бустрём

Тәннің ләззаты — саулығында,
Жанның ләззаты — білімінде.

Ілмектер: тән, ләззат, жан, білім, денсаулық Фалес

Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды күйзелтеді.

Ілмектер: темекі, тән, ақыл, ой Оноре де Бальзак

Шын ынтамен тындырған жұмыс — тәнге шипа.

Ілмектер: жұмыс, ынта, шипа, тән Уильям Шекспир

Салауатты өмір сүру тек тән саулығына ғана емес, жан саулығына да байланысты.

Ілмектер: салауатты өмір, денсаулық, тән, жан Томас Карлайл

Тән сұлулығы қартаяды, жан сұлулығы қартаймайды. Тән сұлулығы мезгілге тәуелді, жан сұлулығы мезгілге тәуелді емес, өзіне өзі тәуелді.

Ілмектер: тән, жан, сұлулық, қартаю Бөкен би

Өмір - тән, өнер - жан: тән тұншыққанда - жан шыңғырады.

Ілмектер: өмір, тән, жан, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Тән үшін сүрген өмір азап шектіреді. Рух үшін сүрген өмір ғана рақатқа жеткізеді.

Ілмектер: тән, рух, өмір, азап, рақат, нақыл, афоризм Лев Толстой


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)