Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (12)

Бірі: «Ақшамен ойнама, тәуекелге барма» десе, екіншісі: "тәуекелді басқаруды үйрен", — дейді.

Ілмектер: ақша, ойнама, тәуекел, басқару Роберт Кийосаки

Тәуекелге бара алмайтын жандар өздерінің икемділігін, қабілеттілігін аңғармайды.

Ілмектер: тәуекел, адам, икем, қабілет Роберт Де Ниро

Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды.

Ілмектер: тәуелсіздік, қазақ, азаттық, тәуекел Нұрсұлтан Назарбаев

Тәуелсiздiктiң кезектi жылдығын атап өту бiзге ең алдымен той тойлау үшiн емес, ой ойлау үшiн керек. Тәуелсiздiктiң тайғақ кешулi жолында алдымыздан шығатын асу-асу белдер де болады. Ұлттың ұлан асуында ұйытқи соғатын желдер де болады. Сол асу-асу белдерде белiмiздi талдырмауымыз керек. Сол ұйытқи соғатын желдерде ұлы мұраттарымызды ұмыт қалдырмауымыз керек. Нағыз Тәуелсiздiкке қиын iсте тәуекелге бара алатындардың ғана қолы жетедi.

Ілмектер: тәуелсіздік, тәуекел Нұрсұлтан Назарбаев

Тәуекелi тұратындардың ғана қолы жетпесе Тәуелсiздiк бола ма? Азаппен, арпалыспен келмесе Азаттық бола ма? Оңайлықпен келсе оның қадiрi бола ма? Қадiрi жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?

Ілмектер: тәуелсіздік, тәуекел, азаттық, қадір Нұрсұлтан Назарбаев

Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тiккен адаммын. Маған ары үшiн жанын садаға ететiн осындай тектi халыққа, менi ұлым деп, перзентiм деп төбесiне көтерген халыққа, арғы-бергiдегi қазақ баласының бiрде-бiрiнiң пешенесiне бұйырмаған бақытты – толыққанды, тәуелсiз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенiң керегi жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабiлетiмдi, бiлiм-бiлiгiмдi аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге де барамын.

Ілмектер: тәуелсіздік, халық, тәуекел Нұрсұлтан Назарбаев

Тәуекелсіз – жеңіс жоқ.

Ілмектер: тәуекел, жеңіс Бауыржан Момышұлы

Бағындыруға тұрарлық кез келген мақсат тәуекелден тұрады.

Ілмектер: мақсат, тәуекел Дин Карназес

Батырлық – тәуекел мен адалдық есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал, ақылсыз тәуекел ешкімді де ақтай алмайды.

Ілмектер: батырлық, тәуекел, адалдық, ақыл Бауыржан Момышұлы

Тәуекелдің әр кез алдыңнан шығатыны рас, одан қашқақтаудың орнына, оны басқаруды үйренейік.

Ілмектер: тәуекел, үйрену Роберт Кийосаки

Қазіргі заманның нашар тұстарының бірі: өзіне сенімділердің ақымақ болуы, ал кішкене болса да ой-қиялы мен түсінігі барлардың күманға толы болуы және тәуекелге бара алмаулары.

Ілмектер: сенімділік, ақымақ, тәуекел Бертран Рассел

Тәуекелшілдік өмірді жандандыра түседі.

Ілмектер: тәуекел, нақыл, афоризм, өмір, қанатты сөздер Коко Шанель


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)