Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (1) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (8) Ұлағатты сөздер (9)

Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.

Ілмектер: бала, арақ, у, маскүнем, ана, жақсы, жаман Әзілхан Нұршайықов

Тіл мен алтын біздің қылыш пен у.

Ілмектер: тіл, алтын, қылыш, у Михаил Лермонтов

Дүние бірде - бал, бірде - у ұсынар.

Ілмектер: дүние, өмір, бал, у Иүгінеки Ахмед

Келер қазақтың да ішетін уы мен балы - Абай.

Ілмектер: қазақ, Абай, у, бал Асқар Сүлейменов

Жаланың жыланнан да зәрі уытты,
Зұлымның аждаһадан кәрі мықты.

Ілмектер: жала, жылан, у, зұлым Әлішер Науаи

Көре алмаушылық - жүректегі у.

Ілмектер: көре алмаушылық, жүрек, у Франсуа Вольтер

Жүрегім дертті, сөзім у.

Ілмектер: дерт, жүрек, у Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сөздің де уы бар.

Ілмектер: сөз, у Жүсіп Баласағұни

Өмір – өзен күні-түні ағады, үстеп оны тұрмыс уы тамады. Өмір у ғой, ішпеген жан арманда, ішкен адам қандай ләззат табады?..

Ілмектер: өмір, у Бернияз Күлеев