Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Мақал-мәтелдер (24) Ұлағатты сөздер (8)

Шешеннің тілі
Шебердің бізі.

Ілмектер: тіл, шешен Абай Құнанбайұлы

Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі – ел бастар.

Ілмектер: ел, сөз, адалдық, шешен Жамбыл Жабаев

Шешен сол - сөйлер сөзден қамалмаса,
Жақсы сол - істер ісін тәмамдаса.

Ілмектер: шешен, жақсы, сөз, іс Шал Құлекеұлы

Ақын — ұлттың жүрегі,
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, ақын, батыр, шешен

Ер жігіт шешен болып, малсыз қалса,
Рас деп, айтқан сөзің шын болмайды.

Ілмектер: шындық, жігіт, шешен, мал Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Шешен жігіт – жол бастар, батыр жігіт – қол бастар.

Ілмектер: шешен, батыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Жігітті шешенсінген — дауда сына, есерді батырсынған — жауда сына.

Ілмектер: жігіт, шешен, дау, сын, жау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)