Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (28) Мақал-мәтелдер (38) Ұлағатты сөздер (93)

Шын көңілден айтылған тілекке — шындықпен жауап беру парыз.

Ілмектер: көңіл, шындық, тілек Мұхтар Әуезов

Ер жігіт шешен болып, малсыз қалса,
Рас деп, айтқан сөзің шын болмайды.

Ілмектер: шындық, жігіт, шешен, мал Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Дүниеде шындықтан күлкілі әзіл жоқ.

Ілмектер: шындық, дүние, күлкі, әзіл Мұхаммед Әли

Даналық дегеніміз - шындық.

Ілмектер: шындық, дана Иоганн Вольфганг фон Гёте

Сөзі мен ісіне айырма салғандар – шындығын жоғалтып алғандар.

Ілмектер: сөз, шындық Мұхтар Шаханов

Егер шындық біреу болғанда, мен бір тақырып төңірегінде жүздеген сурет сала алмас едім.

Ілмектер: шындық, сурет, тақырып Пабло Пикассо

Сын шын болсын, шын сын болсын.

Ілмектер: шындық, сынау Мұхтар Әуезов

Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Өтірікке шындықтың қайраны жоқ,
Шындық айттым осылай шырқыраған,
Құл Қожа-Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.

Ілмектер: қоғам, заман, уәде, шындық Қожа Ахмет Йассауи

Шындықты ақтарыла айту - қиынның қиыны.

Ілмектер: шындық, афоризм, нақыл Шерхан Мұртаза

Шындық - ащы һәм ажарсыз.

Ілмектер: шындық, нақыл, афоризм Шерхан Мұртаза

Шындыққа өлім жоқ.

Ілмектер: шындық

Көзбен көрген - шын, құлақпен естіген - өтірік.

Ілмектер: өтірік, нақыл, шындық, афоризм Жиренше шешен

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.

Ілмектер: өтірік, шындық Бауыржан Момышұлы

Шындықтың наданның табанының астында шырылдап жатқанын көргенде, немкетті сезімнің де дәті шыдамайды екен.

Ілмектер: шындық, надан, нақыл, афоризм Олжас Сүлейменов

Жағымпаздық бұл заманда басты өнер,
Шындық оған бола алмай жүр тас кемер.
Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес,
Арын сатқан жағымпазды ескерер.

Ілмектер: Шындық, адам, нақыл Мұхтар Шаханов

Шындық дауысы құлаққа жағымсыз.

Ілмектер: шындық, нақыл, афоризм Лао-цзы

Егер үнемі шындықты ғана айтатын болсаңыз, сізге ештеңені есте сақтап жүрудің қажеті жоқ.

Ілмектер: шындық, есте сақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Твен

Өлең — сөздің данасы, шындықтың анасы.

Ілмектер: өлең, шындық, сөз, дана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Шын жолында сөйлесең — басыңа келер пәлесі.

Ілмектер: пәле, шын, шындық, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жалған сөз – ауру, шаншудай,
Әділ сөз – шипа, жанға жай.

Ілмектер: шипа, шындық, нақыл, афоризм Иүгінеки Ахмед

Пікірлер