Өлеңдер бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (14) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (7)

Ғалымға азық берер қайнар көзі кітап бетімен, лаборатория аумағымен ғана шектелмейді, өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін табады.

Ілмектер: ғалым, еңбек, өмір Қаныш Сәтбаев

Кейбір ғалымдардың бастары толы ми, ми толы ақыл. Әттең, со ақылды айта алар тіл жоқ.

Ілмектер: ғалым, ми, ақыл, тіл Ғабит Мүсірепов

Еңбегі жоқ ғалым - балы жоқ ара тәрізді.

Ілмектер: еңбек, ғалым Саиф Сараи

Білмегенді сұрап үйренген — ғалым, арланып сұрамаған — өзіне залым.

Ілмектер: ғалым, залымдық Әлішер Науаи

Еңбексіз ғалым — жеміссіз ағаш секілді.

Ілмектер: еңбек, ғалым Саади Ширази

Ғалымның қатесі кеме капитанының қатесіне ұқсайды. Кеме батса онымен бірге қаншама адам да батады.

Ілмектер: ғалым, қате, адам, Қоғам, жауапкершілік Мауәрди

Асқар таудың өлгені — басын мұнар шалғаны,
Көктегі бұлттың өлгені — аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны,
Айдын шалқар өлгені — мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені — қар астында қалғаны,
Өлмегенде не өлмейді — ғалымның xаты өлмейді.

Ілмектер: өлім, хат, ғалым, тау, ай, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау