Өлеңдер бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (91) Өлеңдер (13) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (67)

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Ілмектер: ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаз Абай Құнанбайұлы

Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.

Ілмектер: махаббат, ғылым Абай Құнанбайұлы

Ғылымды танып – білуде ережеден мысал пайдалырақ.

Ілмектер: мысал, ғылым, ереже Исаак Ньютон

Дін, өнер және ғылым - бір ағаштың бұтақтары.

Ілмектер: дін, өнер, ғылым Альберт Эйнштейн

Алғашқы саяхатшыларды қызуғышылық тартса, келесі ізімен ғылым келеді.

Ілмектер: қызуғышылық, ғылым, саяхатшы Жак-Ив Кусто

Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.

Ілмектер: ғылым, ақыл, мінез Абай Құнанбайұлы

Сұрау белгісі (?) – барлық ғылымдар кілті.

Ілмектер: ғылым, ғылым туралы нақыл сөздер Оноре де Бальзак

Оқысаң ғылым қорын білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.

Ілмектер: ғылым, білім Шәңгерей Бөкеев

Ғылым үшін барлығы да маңызды.

Ілмектер: ғылым Генрих Гейне

Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.

Ілмектер: ғылым, мұғалім, шәкірт Дмитрий Менделеев

Ғылымда демалыс жоқ. Ғылым үшін демалыс жұмыстың өзгеруі ғана.

Ілмектер: ғылым, жұмыс Василий Вильямс

Ғылым білімге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ.

Ілмектер: білім, ғылым Жүсіпбек Аймауытов

Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі — жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсас.

Ілмектер: ғылым, өмір Саади Ширази

Ғылымның отаны жоқ.

Ілмектер: ғылым, отан Луи Пастер

Біліктінің орны - төр.

Ілмектер: ғылым, білім, өнер Саиф Сараи

Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

Ілмектер: математика, ғылым, пайдалы Роджер Бэкон

Білімдар жөнді біліп «бекін» дейді,
Ақылмен іс істеген өкінбейді.
Білмеген талай жұмыс істей жүріп,
Амал жоқ түбінде сол опық жейді.

Ілмектер: ғылым, білім, ақыл, жұмыс Иүгінеки Ахмед

Қарама-қайшылық қана ғылымның дамуына ықпал етеді.

Ілмектер: ғылым, даму, қарама-қайшылық Сергей Капица

Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

Ілмектер: Арифметика, математика, ғылым Карл Фридрих Гаусс

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

Ілмектер: ақыл, ғылым, мінез Абай Құнанбайұлы