Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (72) Өлеңдер (170) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (100) Әзіл, анекдоттар (1)

Мақал-мәтелдердің молдығы, олардың тамаша поэтикалық формасы, шебер түрде берілген терең, тіпті философиялық мән-мағынасы – осындай тамаша үздік шығарма тудырған қазақ халқының өзінің де асқан ақындық дарынының, оның сарқылмас даналығының анық айғағы.

Ілмектер: мақал, Мақал-мәтел, мағына, қазақ, халық, ақын, дарын, дана Мұхтар Әуезов

Қазақтардың моральдік кодексін олардың мақал-мәтелдері мен аңыз-әпсаналарынан іздеңіз.

Ілмектер: қазақ, мораль, заң, кодекс, мақал, аңыз Олжас Сүлейменов

Қазақтың наны тәтті де, тілі жаман ба?! Олай емес, қазақтың нанын жеген адам, тілін де үйренсін!

Ілмектер: тіл, нан, Қазақ Асылы Осман

Келер қазақтың да ішетін уы мен балы - Абай.

Ілмектер: қазақ, Абай, у, бал Асқар Сүлейменов

Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек.

Ілмектер: қазақ, ұлт, тіл Ахмет Байтұрсынұлы

Ақыр түбінде қара бұлт ашылып, қазақ жастарының да әлеуметтік теңдікке жететініне, өз елін бақытқа бастар азамат боларына, бүкіл қазақ қауымының қапастан құтыларына сенімім бар.

Ілмектер: қазақ, жастар, сенім, азамат Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кеміріп, өз тілінің қалпына түсіріп алған – қазақ. Жат жұрттың шалығы тимесе, кәсіби, ғұрпы өзгерілмесе, жалғыз тіл өзгерілді деп айтуға тіпті жол жоқ. Қазақтың тілі өзгерген тіл деп айтуға жол жоқ болса, емлесін де қисық деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф келетін емле жоқ. Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір.

Ілмектер: қазақ, тіл Ахмет Байтұрсынұлы

XX ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті.

Ілмектер: тіл, қазақ Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ әлдеқашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету жағынан орыстікінен, немістікінен, француздікінен, ағылшындікінен оңай, оңтайлы.

Ілмектер: қазақ, тіл, дыбыс, оқу, жазу Ахмет Байтұрсынұлы

Жер жүзіндегі езілген жұрттардың бірі біздің қазақ-қырғыз екені рас болса, бұл жұртты теңгеру үшін көзін ашып, өнер-білім үйретіп, үгіт-насихат тарату қажет болса, қазақ-қырғыз тіліне тоқтаусыз жол ашып, бүгіннен бастап «тілмаш жоқ, мінекей, тақсыр, тілмаш жоқ дегізіп, қазақ-қырғызды енді сандалтпау керек».

Ілмектер: жұрт, тіл, қазақ, қырғыз Міржақып Дулатұлы

Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық.

Ілмектер: қазақ, ақыл, байлық, билік Абай Құнанбайұлы

Қазақ елі - өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.

Ілмектер: қазақ, ел, мұң, сын, тіршілік Ғабит Мүсірепов

Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады.

Ілмектер: қазақ, қыз, су, шай, ене, жұмыс Ғабит Мүсірепов

Барлық Азия елдері мен жерлеріне бұл (Қазақ) орда кілт және қақпа. Сол себепті бұл орданы Ресейге бағындыру қажет, сол арқылы барлық Азия елдеріне байланыс жасап, Ресей үшін пайдалы және жағымды шараларды іске асыру керек.

Ілмектер: ел, жер, қазақ, Ресей І Петр

Бүгінгі жастарды ең болмаса қазақ халқының "тура биде туған жоқ" деген даналығының рухында тәрбиелейік.

Ілмектер: жастар, қазақ, тәрбие, Қоғам Ғабит Мүсірепов

Қазақ даласында не көп— бірі көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрі, жағрафиялық тұрғыдан алғанда қымбаттырақ.

Ілмектер: дала, қазақ, тарих, нақыл сөздер Шоқан Уәлиханов

Қазаққа басқа геометриялық пішіндерден гөрі шаршы (квадрат) көбірек ұнаса керек. Өйткені, ол үшін — зат неғұрлым ауқымды болса, соғұрлым маңыздырақ көрінеді. Сондықтан да , әдетте, атақты Һәм бай қазақтардың қабірінің үстіне осындай ескерткіштер тұрғызылады.

Ілмектер: қазақ, қабір, нақыл сөздер Шоқан Уәлиханов

Қазақта би болмаса, би деген сөздің өзі қайдан шыққан?

Ілмектер: қазақ, би Жұмат Шанин

Қазақтар - жақсылықтың қадірін білетін халық!

Ілмектер: қазақ Шоқан Уәлиханов

Езілген, тепкіленген, қорлық көрген, жабы болған, қайраты сынған, қам көңіл болып жүдеген, қазақ азаматтары! Сен бүгін тіріліп отырсың, сенің тілің үкімет тілі болып отыр. Сол үкіметтің толық құқықты нағыз мүшесі болып отырсың. Қазақтың келесі буындарының алдында өздеріңе қара деген таңба қалдырма!

Ілмектер: қазақ, құқық Мәннан Тұрғанбаев