Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (35) Ұлағатты сөздер (30)

Қуаныш ұмытылса да, қайғы ешқашан ұмытылмас.

Ілмектер: қуаныш, қайғы Михаил Лермонтов

Махаббат қуанышсыз болса, айрылысу қайғысыз болады.

Ілмектер: махаббат, қуаныш, қайғы Михаил Лермонтов

Қам көңілдің қайғысына дауа бол,
Жолда шаршап шалдыққанға сая бол.

Ілмектер: қайғы, дауа, жол, шаршау, сая Қожа Ахмет Йассауи

Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.

Ілмектер: қайғы Абай Құнанбайұлы

Қайғысыздың бәрі асау.

Ілмектер: қайғы Абай Құнанбайұлы

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

Ілмектер: қайғы, қызық, жүрек Абай Құнанбайұлы

Қайғыны жалғыз көтеруге болады, бірақ бақытқа екеу керек.

Ілмектер: бақыт, қайғы, жалғыздық Элберт Хаббард

Бір адамды бақытты етіп, жүзіне - мұң көлеңкесін, жанына - қайғы ізін түсірмеу әркімнің қолынан келеді.

Ілмектер: бақыт, қайғы, адам, мұң Сағатхан Әшімбаев

Махаббат деген қасиетті күш. Дүниеде махаббат болмаса, адам баласы қуаныш пен қайғының, бақыт пен бақытсыздықтың не екенін білмей өтер еді.

Ілмектер: махаббат, күш, қуаныш, қайғы, бақыт Ілияс Есенберлин

Мен де соққы жедім деп сұм дүниеден,
Көп жазым ем - оныма өкіндім мен.
Ойласам: көрген бейнет, тартқан қайғы,
Болыпты не біреуден, не өзімнен.

Ілмектер: өсиет, тәлім, дүние, бейнет, қайғы Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сабыр ет, қуаныш күт - бәле келсе,
Күте тұр - қайғы, реніш ала келсе.

Ілмектер: сабыр, қуаныш, бәле, қайғы, реніш Иүгінеки Ахмед

Қайғыға бой алдырмай, қашанда күліп жүруге тырысыңыз.

Ілмектер: қайғы, күлу Габриэль Гарсиа Маркес

Біздің барлығымызда жақынымыздың қайғы-қасіретін көтеріп алар күш жатады.

Ілмектер: күш, туыс, қайғы, қасірет Франсуа де Ларошфуко

Жүкті нар көтерер,
Қайғыны ер көтерер.

Ілмектер: нар, жүк, қайғы, ер

Біздің балалар - біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие - болашақтағы қайғымыз, бұл - біздің көз жасымыз, бұл - басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәмыз.

Ілмектер: бала, тәрбие, қарттық, болашақ, қайғы, ел, кінә Антон Макаренко

Егер алдыңызда тұрған мәселе шешілетін болса, сары уайымға салынудың қажеті жоқ. Егер шешілмейтін мәселе болса, ол үшін қайғырудың мән-мағынасы жоқ.

Ілмектер: уайым, мәселе, шешім, қайғы Далай-Лама

Малы көптің - қайғысы да көп.

Ілмектер: мал, қайғы Құтып

Қызғаншақтық — кең дүниені тар еткізетін кесел. Өз мінезінен өзі құса болған қайғыдан жаман қайғы жоқ. Ол адамды іштен жегідей жейді. Бір кездегі денелі салмақты жас жігіт, енді күжіреген, қас-қабағы түнерген, ашулы кісіге айналады.

Ілмектер: қызғаныш, мінез, қайғы, ашу Ілияс Есенберлин

Сен әлемді жаулап алма, өйткені, онда сансыз қайғы-қасірет бар, сен одан да адамның жан дүниесін меңгер, оларда қанша әлем бар екенін көресің.

Ілмектер: әлем, қайғы, қасірет, дүние, адам Мұхаммед Хайдар Дулати

Махаббат деген бір түрлі сезім ғана, бұл сезім уақыттың өтуімен, жасаған ортаңның ауысуымен бірге өзгеріп отырады. Егер күндердің бірінде сүйгеніңнен айырылып қалсаң сабырлылықпен күт, уақыттың өзі барлығын ұмыттырады, көңілің де сабасына түседі. Махаббаттан бал жұтам деп өлермендене беріліп те кетпе, махаббаттан келетін қайғыдан қабырғаң қайысып шөгіп те кетпе.

Ілмектер: махаббат, сезім, қайғы Джек Ма

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)