Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (2323)

Жетпіс деген жел екен.

Ілмектер: қарттық, жетпіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жылпос — майдай жағылар.

Ілмектер: жылпос, нақыл, афоризм, май, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Өзіңнің және өзгенің оқуына арнап кітаптар таңдау тек ғылым ғана емес, сонымен қатар өнер де.

Ілмектер: ғылым, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, кітап Николай Рубакин

Кітапты оқуды жақсы көру дегеніміз — тіршілікте болмай тұрмайтын жабырқау сағаттарды таптырмайтын рахатқа бөлеу деген сөз.

Ілмектер: кітап, оқу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жабырқау, сағат, рахат Шарль Луи Монтескье

Ата-бабаны ардақтамау — тағылық пен жауыздықтың елесі болады.

Ілмектер: ата-ана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Александр Пушкин

Бұл заманның тамыры-құдандасы –
Әуелі арбау менен ойлар сұмдық.
Құдайдың бұйырмаған нәрсесіне,
Кіріптар боп жүреді адам мұңлық.

Ілмектер: заман, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең, тіршілікті ойламауы қажет.

Ілмектер: білім, тіршілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби

Бек қызыққа құмар болса, қалған елдің күні қараң.

Ілмектер: құмар, қызық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел, қараң Жүсіп Баласағұни

Қандай ғылым болса да, ол — адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды.

Ілмектер: ғылым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби

Жақсы кітап — ұлттың антологиясы.

Ілмектер: кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Кісі өлтірген, батырлық, ұрлық-қарлық — кітапта мұның бәрін дейді бұзық.

Ілмектер: батырлық, ұрлық-қарлық, кітап, бұзық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Сексен бес жасқа келгенде,
Екі қара көзді алар,
Ауыздағы сөзді алар,
Бойыңдағы әлді алар,
Бетіңдегі нұрды алар,
Етіңдегі шырды алар,
Аузыңдағы тісті алар,
Қолыңдағы істі алар –
Өлмегенде нең қалар?!

Ілмектер: қарттық, сексен, сексен бес, жас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап — мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады.

Ілмектер: кітап, мәдениет, руханият, қорғау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрсұлтан Назарбаев

Кітап өміріңнің қиын сәттерінде сенімді сырласың болады, ешқашан өкіндірмейді.

Ілмектер: кітап, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альфонс Доде

Тоқсан бес деген торы екен,
Дүйім жанның қоры екен,
Қарайын десең –
Екі жағың ор екен,
Найза бойы жар екен,
Түсіп кетсең түбіне,
Түбі жоқ терең көл екен,
Ел қонбайтын шөл екен –
Келмейтұғын неме екен!

Ілмектер: қарттық, қариялық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Тоқсан бес, жас Бұқар жырау

Нәпсі — дария.

Ілмектер: нәпсі, дария, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Бала тапқандікі емес — бала қаққан мен баққандікі.

Ілмектер: бала, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Өмір — жақыннан қарасаң трагедия, алыстан қарасаң комедия.

Ілмектер: өмір, трагедия, комедия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Чарли Чаплин

Алладан һүкім келмей өлмек жоқ.

Ілмектер: өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Риза болсаң құдайға, түзелер сонда ісіңіз.

Ілмектер: ризалық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау