Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (2323)

Мен өзімшілмін, шыдамсызбын, өз-өзіме сенімсізбін. Қателік жіберем, өз-өзімнен шығып кете аламын, кейде менімен бірге болу оңайға түспей жатады. Бірақ егер көңілімнің хошы келмей тұрғанда менімен сөйлесе алмасаңыз, көңіл-күйім жақсы кезде де сөйлесуге лайық емессіз.

Ілмектер: әйел, қанатты сөздер Мэрилин Монро

Жас ұлғайған сайын, желдің соғысы да күшейе түседі.

Ілмектер: жас, жастық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пабло Пикассо

Ұжданы бар адам иттен де ұялады.

Ілмектер: ұждан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Антон Чехов

Текті адам кемшілікті өзінен іздейді, ақылсыз өзгеден іздейді.

Ілмектер: тектілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақылсыз, кемшілік Конфуций

Тамаша көлік пен үлкен үй сенің әлі жеткілікті бай немесе ақша табу икеміңнің мол екенін білдірмейді.

Ілмектер: ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Роберт Кийосаки

Бауырыңнан қашқан күзен көрінбес.

Ілмектер: бауыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Жабыға – салма тоқым жалы бар деп,
Жаманға – басыңды име малы бар деп.

Ілмектер: мал, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.

Ілмектер: парақор, пара, сараң, сараңдық, үй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Майқы би

Әдет – екінші натура, ол бізге біріншіні тануға кедергі жасайды, біріншіде зұлымдық та, қуаныш та бар, ол екіншіге жат.

Ілмектер: әдет, натура, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марсель Пруст

Егер біз ақыл-ойымызды тыңдар болсақ, онда бізде ешқашан махаббат болмас еді. Ешқашан достық та болмас еді.

Ілмектер: ақыл, ой, махаббат, достық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рэй Брэдбери

Ойынның ережелерін жақсы меңгеріп ал. Сонан кейін барып, басқалардан жақсы ойнауды бастау керек.

Ілмектер: ойын, ереже, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

Егер сіз дұрыс жолмен келе жатсаңыз әрі осы жолмен жүре берсеңіз, соңында сәттілікке жетесіз.

Ілмектер: сәттілік, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Барак Обама

Өз мүмкіндігінен хабары аз адам, қауіпке ұрынуы мүмкін.

Ілмектер: мүмкіндік, қауіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Адал адам Отанын сүйеді, адал, ақ жүрекке Отан — анасындай. Отанның дегенін істеу — қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты, әсіресе біздегі махаббатты өлшеуге болмайды

Ілмектер: отан, ана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мақтаныш, қуаныш, махаббат Баубек Бұлқышев

Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.

Ілмектер: қазақ мұғалім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мағжан Жұмабаев

Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз бір қазақ мұғалімдері!

Ілмектер: қазақ, Мұғалім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мағжан Жұмабаев

Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі.

Ілмектер: театр, өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұхтар Әуезов

Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі.

Ілмектер: ел, алаш, Мұғалім, ұстаз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мағжан Жұмабаев

Жаманға беліңді шешіп иланба – илантып тұрып өлтірер.

Ілмектер: жаман, сенім, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы

Теңеу: ертеңнен салса — кешке озған, ылдидан салса — төске озған.

Ілмектер: озу, теңеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы