Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (15) Мақал-мәтелдер (38) Ұлағатты сөздер (24)

Балалық шақта бақыт алдымыздан күтіп тұрғандай көрінетін, қартайғанда оның тек өтіп кеткендігін сезінумен ғана шектеледі екенбіз.

Ілмектер: балалық шақ, бақыт, қарттық Марк Твен

Жастығым өтті деп не керек уайым ғып,
Жігіттік дегенің – қартыққа дайындық.
Жылама, о, досым, жігіттік тәмәм деп,
Жыла сен қарттыққа дайындық жаман деп!

Ілмектер: жігіт, қарттық, жастық Қадыр Мырза Әли

Кәрілік екі көзді қызартады,
Сүйектің етін сылып, ұзартады.
Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей,
Батпандап тізе тұсқа тұз артады.

Ілмектер: өмір, адам, кәрілік, қарттық Жамбыл Жабаев

Қартаю зерігерлі, бірақ ол ұзақ өмір сүрудің жалғыз жолы.

Ілмектер: қарттық, қартаю, өмір Бернард Шоу

Жас адам қартаяды, жаңа нәрсе ескіреді.

Ілмектер: адам, қарттық, жастық, өмір Иүгінеки Ахмед

Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес.

Ілмектер: заман, қарттық Махмұд Қашқари

Жасында тырысқан - қартайғанда қуанады.

Ілмектер: жастық шақ, қарттық Махмұд Қашқари

Менің өмірден байқағаным қарттық пен сақтық қатар келеді екен.

Ілмектер: қарттық, сақтық, қарт Роберт Де Ниро

Қарт жақсы жас жақсысын күндемеген.

Ілмектер: қарт, қарттық, жас, күндеу, өмір Шал Құлекеұлы

Дәурені озса — жасы жеткені болар, қамқа тозса — күтімі кеткені болар.

Ілмектер: дәурен, қарттық, жастық, күтім Сырым Датұлы

Адам әуелі бастан қартаяды.

Ілмектер: адам, қартаю, қарттық, бас Шал Құлекеұлы

Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.

Ілмектер: қарттық, қартаю, жас, жастық шақ Майқы би

Алпыс жаста өмірдің дәмі кетеді.

Ілмектер: жас, қарттық, өмір Жүсіп Баласағұни

Біздің балалар - біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие - болашақтағы қайғымыз, бұл - біздің көз жасымыз, бұл - басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәмыз.

Ілмектер: бала, тәрбие, қарттық, болашақ, қайғы, ел, кінә Антон Макаренко

Адам жиырма жасындағы көзқараспен елу жаста да қараса, онда ол өз өмірінің отыз жылын жоғалтыпты.

Ілмектер: өмір, көзқарас, жастық, қарттық, адам Мұхаммед Әли

Он бес жас — құйын қуған желмен тең, жиырма жас — дауыл ұрған көлмен тең, отыз бес — ағып жатқан селмен тең, қырық бес — аю аспас белмен тең, жетпіс бесте - өр көңілің жермен тең. Сексенде — селкілдеген шал боларсың, тоқсанда — сексенге де зар боларсың, жүзге келсең — дүние қызығынан күдеріңді үз: өлмей тірі жүргенге мәз боларсың.

Ілмектер: жас, жастық шақ, кәрілік, қарттық, өмір, қызық Жиренше шешен

Әйелдің қартаюы – өмірлік трагедия.

Ілмектер: әйел, қарттық, нақыл, афоризм Агата Кристи

Жаңа нәрселер үйреніп жүргенде қарттықтың азабынан қорықпай-ақ қоюға болады.

Ілмектер: қарттық, нақыл, афоризм Харуки Мураками

Адамның үш шынайы жасы болады: жастық шақ, кемелдену кезеңі және «сайтан алғыр, қалай ғана қартайып кеттім?»

Ілмектер: жас, қарттық, нақыл, афоризм Стивен Кинг

Қартаю қызықсыз, бірақ бұл ұзақ өмір сүрудің жалғыз амалы.

Ілмектер: қарттық, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фаина Раневская