Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (10)

Егер Құдай сені бақытты еткісі келсе, қиын жолдармен жүргізеді. Өйткені бақытқа оңай жолмен жету мүмкін емес.

Ілмектер: қиын, бақыт, жол Далай-Лама

Ең қиын үш нәрсе: Сыр сақтау, қорлықтарды ұмыту және уақытты дұрыс пайдалану.

Ілмектер: қиын, сақтау, ұмыту, уақыт Саади Ширази

Еріншектік барлық жұмысты қиындатады

Ілмектер: еріншек, жұмыс, қиын Бенджамин Франклин

Ерлік қауіп-қатермен жарыса өршиді: неғұрлым қиын тиген сайын, соғұрлым күш те арта түседі.

Ілмектер: ерлік, қиын, күш Фридрих Шиллер

Тағдырың саған жаулықпен емес, теріс қарамай, оң қабақ танытқанда өзіңді лайықты ұстап жүру - қиынырақ.

Ілмектер: тағдыр, қиын Франсуа де Ларошфуко

Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені, ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтанда оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес.

Ілмектер: ар, адам, өкініш, тағдыр, ауыр, қиын Әбул-Хасан Рудаки

Адам боп оңай туғанмен,
Адам боп қалу көп қиын.

Ілмектер: адам, қиын, оңай Қадыр Мырза Әли

Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.

Ілмектер: сөз, ақыл, іс, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлихан Бөкейханов

Күту – ең қиыны.

Ілмектер: күту, қиын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пауло Коэльо

Әрқашан ең қиын жолға түсіңіз ─ ол жолда бәсекелестеріңізді жолықтырмайсыз.

Ілмектер: Бәсеке, қиын, жол, бәсекелестік Шарль де Голль