Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (28)

Өзі үшін әрекеттенген азап шегеді. Өзгелер үшін еңбек еткен адам олардың қуанышына да ортақтасады.

Ілмектер: еңбек, қуаныш, азап Иоганн Вольфганг фон Гёте

Балаға қуаныш сыйлай отырып, оқыта тәрбиелеуге міндеттіміз.

Ілмектер: бала, қуаныш, тәрбие, оқу, нақыл, афоризм Аркин Ефим Аронович

Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр.

Ілмектер: көз, алдау, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қуаныш, жылау Омар Хайям

Адал адам Отанын сүйеді, адал, ақ жүрекке Отан — анасындай. Отанның дегенін істеу — қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты, әсіресе біздегі махаббатты өлшеуге болмайды

Ілмектер: отан, ана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мақтаныш, қуаныш, махаббат Баубек Бұлқышев

Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз. Қуанышты өз ішіңізден табуға тырысыңыз. Өз-өзіңізбен бақытты болыңыз.

Ілмектер: бақыт, қуаныш, мойындау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Бақыт, қуаныш пен ләззат асқан сұлу, ең әсем, ең көрікті нәрсені барынша тиянақты және кемелді нәрсе түрінде аңғару арқылы ғана пайда болып, толық дәрежесіне жетеді.

Ілмектер: Бақыт, қуаныш, ләззат, сұлу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби

Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш — бала сүю.

Ілмектер: өмір, бала, қуаныш Бауыржан Момышұлы

Жүректің соғысы — физиология, ал жүректің не қуаныштан, не үрейден барып бас алатын лүпілі — эстетика, өнер, өмірге бергісіз қайран сөз.

Ілмектер: жүрек, қуаныш, эстетика, өнер, өмір, қайран, сөз Асқар Сүлейменов