Эссе және өлең-жыр байқауы

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (9) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (9)

Жер бетінде ақымақтарсыз өмір сүру қызықсыз болар еді.

Ілмектер: жер, ақымақ, қызық, өмір Михаил Лермонтов

Өмірдің ең тәтті қызығы — адал достарыңның көп болуы.

Ілмектер: өмір, қызық, адал, дос Авраам Линкольн

Қуанармын деп үміт етудің өзі де бастан кешкен қызығыңнан сәл-пәл ғана кем соғады.

Ілмектер: қуану, қызық, үміт, қуаныш Уильям Шекспир

Әлемді түгел білсе де,
Қызығын қолмен белсе де,
Қызықты күн қырындап,
Қисынсыз күйге түссе де —
Өмірге тоймас адамзат!

Ілмектер: өмір, адам, әлем, қызық, қанағат Бұқар жырау

Бұл өмірді беріпті ғой азапқа — қызық қуып, бос өткізіп азайтпа!

Ілмектер: өмір, қызық, уақыт Жүсіп Баласағұни

...Дүниеде адамнан қызық ештеңе жоқ.

Ілмектер: дүние, қызық, адам Вильгельм фон Гумбольдт

Он бес жас — құйын қуған желмен тең, жиырма жас — дауыл ұрған көлмен тең, отыз бес — ағып жатқан селмен тең, қырық бес — аю аспас белмен тең, жетпіс бесте - өр көңілің жермен тең. Сексенде — селкілдеген шал боларсың, тоқсанда — сексенге де зар боларсың, жүзге келсең — дүние қызығынан күдеріңді үз: өлмей тірі жүргенге мәз боларсың.

Ілмектер: жас, жастық шақ, кәрілік, қарттық, өмір, қызық Жиренше шешен

Бек қызыққа құмар болса, қалған елдің күні қараң.

Ілмектер: құмар, қызық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел, қараң Жүсіп Баласағұни

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

Ілмектер: қайғы, қызық, жүрек Абай Құнанбайұлы