Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (11) Өлеңдер (11) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (109) Ұлағатты сөздер (17) Әзіл, анекдоттар (1)

Адам кейде өз үйіне де сыймайды.

Ілмектер: адам, үй Қадыр Мырза Әли

Бақ әрбір адамның есігін өмірінде бір рет болсын қағады, алайда, адам осы уақытта "үйінде болмағандықтан" есіктің қағылғанын естімей қалады.

Ілмектер: бақ, бақыт, есік, үй, есту Марк Твен

Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту - үй иесінің борышы.

Ілмектер: қонақ, достық, қонақжайлық, үй, борыш Тоқсары

Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін.

Ілмектер: сараң, парақор, іс, үй Майқы би

Берместің үйінде бесті қымыз тұрады.

Ілмектер: үй, қымыз, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Кітабы жоқ үй жаны жоқ дене сияқты.

Ілмектер: кітап, үй, жан Цицерон

Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.

Ілмектер: махаббат, үй, иман Қожа Ахмет Йассауи

Кітап — үйдің ашулы тұрған терезесі.

Ілмектер: кітап, үй Расул Ғамзатов

Үй сатып алсаң - көршіңе қара, жер сатып алсаң - суына қара.

Ілмектер: үй, көрші, жер, су Жүсіп Баласағұни

Халқыңызды бақытты еткіңіз келсе, екі нәрсенің біреуін жасауыңыз тиіс. Оларды қанағаттандыратын нәрсені беріңіз: үздік тағам, үздік киім, үздік тұрғын-үй. Егер бұған мүмкіндік болмаса, осы жағдайда жетуге болатын жолды көрсетіңіз.

Ілмектер: халық, бақыт, үздік, үй, тағам, киім Ли Куан Ю

Бақыт — таңертең жұмысқа баруға асығу, кешке үйге баруға асығу.

Ілмектер: бақыт, бақыт туралы нақыл сөздер, жұмыс, үй Назым Хикмет Ран

Қайран менің өз үйім - кең сарайдай боз үйім.

Ілмектер: сарай, афоризм, үй, қанағат Жиренше шешен

Жаман әйел алғанның – жауы үйінде, жақсы әйел алғанның тойы үйінде.

Ілмектер: әйел, жаман, жау, үй, той Сүйінбай Аронұлы

Екі бақсы бір үйге сыймайды.

Ілмектер: нақыл, афоризм, бақсы, үй Мырзатай Жолдасбеков

Үйдің іргесі берік болсын десең - қабырғасын асықпай қала.

Ілмектер: үй, өсиет, нақыл, афоризм Құтып

Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.

Ілмектер: парақор, пара, сараң, сараңдық, үй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Майқы би

Үй артында төбешік
Ерттеулі тұрған ат болар.
Қариясы кімнің бар болса
Жазулы тұрған xат болар.

Ілмектер: үй, қарт, қария, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)