сайыс
ozgetil.kz

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (13)

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Ілмектер: ұстаз, Мұғалім, үйрету, ұстаз туралы нақыл сөздер Әл – Фараби

Үйрете отырып, үйрену ғана жеміс береді.

Ілмектер: үйрету, үйрену, жеміс Бауыржан Момышұлы

Ақылды адам үйренуді, ақымақ үйретуді жақсы көреді

Ілмектер: Ақылды, ақымақ, үйрену, үйрету Антон Чехов

Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.

Ілмектер: үйрету, үйрену Сенека

Тәрбиешіге үйреткеннен бұйрық беру әлдеқайда жеңіл.

Ілмектер: тәрбиеші, мұғалім, үйрету, жеңіл Джон Локк

Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер.

Ілмектер: әріп, үйрету, сәлем Жүсіпбек Аймауытов

Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн.

Ілмектер: адам, жаңалық, үйрету, қайталау Галилео Галилей

Өзің білгеніңді халқыңа үйрет.

Ілмектер: білім, үйрету Міржақып Дулатұлы

Өзінің ақыл-ойын артықша бағалайтын адамды үйреткісі келетін кісі уақытты босқа шығындайды.

Ілмектер: ақыл, уақыт, адам, үйрету Демокрит

...баланы сүйе білуге үйрету - өмірдегі ең маңызды нәрсеге үйрету деген сөз.

Ілмектер: өмір, бала, үйрету, тәрбие, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский

Басқаны үйреткен кісі қайталау арқылы меңгерген білімдерін нығайтумен ғана емес, пәнге үңілуге мүмкіндік алумен де өзін-өзі үйретеді. Сондықтан да асқан дарынды Иохим Форций өзі жайында: - не естіп, не оқысам да, соның бәрі тіпті бір айдың ішінде-ақ ойымнан шығып кетеді, ал басқаларға үйреткенімді өзімнің бес саусағымдай соншалық айқын білемін,- дейді екен. Сондықтан ол зор табыстарға жету үшін шәкірттеріне, өздеріне шәкірттер тауып, оларға күн сайын өздері үйреніп жатқан нәрселерін үйретіп отыруды кеңес қылады.

Ілмектер: қайталау, нақыл, афоризм, үйрету Ян Амос Коменский

Көргенін, білгенін айтпаса, аға кінәлы.

Ілмектер: кінә, үйрету, нақыл, афоризм Платон

Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

Ілмектер: өмір, үйрену, үйрету, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дінмұхамед Қонаев

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)