Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (9) Ұлағатты сөздер (28)

Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз.

Ілмектер: талап, үміт, халық Ахмет Байтұрсынұлы

Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.

Ілмектер: үміт Бауыржан Момышұлы

Тіршілікте адам баласы нелер күйге түспек: бейнет шекпек, рахат таппақ, өкінбек, үміт етпек, адаспақ, түзелмек, талай ажалға басын да байламақ, талай соққы да жемек

Ілмектер: адам, ажал, тіршілік, үміт, соққы, өкінбек, үміт етпек, адаспақ, түзелмек Жүсіпбек Аймауытов

Адамда аз да болса бір үміт, бір таяныш болу керек. Ондай таяныш болмаса тіршілік етіп не керек

Ілмектер: үміт, адам, таяныш Жүсіпбек Аймауытов

Үмітін жоғалтқан жан, ешқашан үміттеніп көрмеген жан.

Ілмектер: үміт, жан Бауыржан Момышұлы

Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды.

Ілмектер: үміт, қанат Білге қаған

Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету.

Ілмектер: жетістік, ереже, артық, еңбек, үміт, білу Уильям Шекспир

Қуанармын деп үміт етудің өзі де бастан кешкен қызығыңнан сәл-пәл ғана кем соғады.

Ілмектер: қуану, қызық, үміт, қуаныш Уильям Шекспир

Үмітсіз адам — зәкірсіз кеме іспеттес.

Ілмектер: үміт, адам Эрнст Тельман

Жақсылықтан үміт етсең - сабыр ет.

Ілмектер: сабыр, жақсылық, үміт Иүгінеки Ахмед

Дос керек кезде дос болыңыз, ал бір нәрседен үміттенсеңіз, өзгелерге де үміт сыйлаңыз.

Ілмектер: дос, үміт Ник Вуйчич

Егер арманыңыздың орындалмайтынына көзіңіз жетіп тұрса, оны бірден тоқтатқаныңыз жөн. Құр үмітпен күн кешудің қажеті жоқ.

Ілмектер: арман, үміт Агата Кристи

Мен бұрын: "Бәрінің өзгеретініне үміттенемін" деп айтатынмын. Сонан кейін бәрінің өзгеруі үшін өзімнің өзгеруім керек екендігін түсіндім.

Ілмектер: үміт, өзгеру, өзгеріс, түсіну Джим Рон

Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ.

Ілмектер: үміт, жас, жалғыздық, жарлы, кедей, ауру, кәрілік, өмір Жиренше шешен

Жақыңдап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап, көңіл қарайып,
Қарауытып көзі тұрса да —
Үмітін жоймас адамзат!

Ілмектер: адам, үміт, өмір, ажал Бұқар жырау

Қалжыраған тән мен қасірет шеккен жан үшін үміттен асқан даруды ешбір дәрігер таба алмас.

Ілмектер: үміт, қасірет, дәрігер Стефан Цвейг

Мен ешқашан дербес сыйлық туралы ойлаған емеспін. Сыйлық жеңіп алудан үміттенген адам азаттықтың күрескері бола алмайды.

Ілмектер: сыйлық, үміт, азаттық Нельсон Мандела

Нақты не қалайтыныңызды елестете алған кезіңізде, бұл сіздің санаңыз бен денеңізді мақсатыңызға жету үшін программалай бастайды. Өз шектеулерімізден асып шығу үшін бұдан да зорына лайықты екенімізді сезіне алуымыз керек. Сол кезде шынайы өмір сіздің үмітіңізді ақтайды.

Ілмектер: қалау, мақсат, өмір, сана, дене, сезім, үміт Энтони Роббинс

Бір тамшы болса да үміті жоқтар ғана қызғанбайды.

Ілмектер: қызғаныш, үміт Иван Тургенев

Адам үшін үміт – жанармай секілді. Үмітсіз ол өмір сүре алмайды.

Ілмектер: үміт, өмір, нақыл сөздер Харуки Мураками

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)