http://a-brands.kz/

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (1) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (19) Ұлағатты сөздер (14) Әзіл, анекдоттар (1)

Көп әдеп араласқан аз ғана амал әдепсіз жасалынған көп амалдан артық

Ілмектер: Әдеп, дәйексөз, цитата

Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетіп жатыр.

Ілмектер: қыз, жігіт, Әдеп Әзілхан Нұршайықов

Шошаңдаған қыз шешесінің атына кір келтіреді.

Ілмектер: қыз, ана, Әдеп Әзілхан Нұршайықов

Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан тұрады.

Ілмектер: сыпайыгершілік, адам, әдеп Жан-Жак Руссо

Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бірге кездессе, бірін-бірі жасырыңқырап тұрады, ашықтық пен абайсыздық бірге кездессе, бірін-бірі асырыңқырап тұрады.

Ілмектер: қыз, мінез, әдеп Ғабит Мүсірепов

Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады.

Ілмектер: сөз, жүрек, мұз, әдеп, дөрекілік Ілияс Есенберлин

Бізге ештеңе де сыпайыгершіліктей соншалық арзанға түсіп, қымбат бағаланбайды.

Ілмектер: сыпайыгершілік, әдеп Мигель де Сервантес

Тіпті күштің өзімен ештеңе тындыруға болмаған жағдайларда да әдеп арқылы табысқа жетуге болады.

Ілмектер: әдеп, табыс, күш Джон Леббок

Дөрекілік - рухани осалдық.

Ілмектер: дөрекілік, әдеп Мария фон Эбнер-Эшенбах

Әдептің басы - байқап сөйлеу.

Ілмектер: әдеп, сыпайылық, әдептілік Иүгінеки Ахмед

Әдепсіз келінге - әдемі киім жараспайды.

Ілмектер: әдеп, келін, киім Саиф Сараи

Әйел адамды әдепсіздік құртады.

Ілмектер: әйел, әдеп Сергей Капица

Есті кісі ерегіспейді,
Көпшіл адам бөлек ішпейді.

Ілмектер: адам, көпшілік, есті, Әдеп, әдептілік Кенен Әзірбаев

Жасында әдеп үйренбеген кісіден, өскен соң қайран жоқ.

Ілмектер: әдеп, нақыл, афоризм Саиф Сараи


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)