Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (46)

Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.

Ілмектер: әділдік, әділ, жұрт, оң Әлихан Бөкейханов

Адам ұят, ар, мейірім, әділдік, алдамау деген қасиеттерінен айырыла бастағалы екінші ғасыр. Оның орнына жауыздық, ашқарақтық, озбырлық, опасыздық, кісі өлтіру сияқты көне қалыптағы тағылық жаңа өнерлі түрін тауып, өрлеп барады.

Ілмектер: адам, ұят, ар, әділдік Ғабит Мүсірепов

Қиянатқа көнбе, әділдікке атса да көн.

Ілмектер: қиянат, әділдік Мұхтар Әуезов

Әділдікті мойындау— адал кісінің ісі.

Ілмектер: әділдік, мойындау, адал, іс Бауыржан Момышұлы

Не әділ болса, сол мәңгілік.

Ілмектер: мәңгілік, әділдік Джузеппе Феррари

Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.

Ілмектер: әділдік, адалдық, адам Шоқан Уәлиханов

Әділдік жалғыздыққа душар етуі мүмкін.

Ілмектер: әділдік, әділдік туралы нақыл сөздер Марк Твен

Әділдік адам іс-әрекетінің нормасы болуға тиіс.

Ілмектер: әділдік Николай Чернышевский

Әділдік келгенше қайыр кете тұрады.

Ілмектер: әділдік Иүгінеки Ахмед

Кекті тайдыр жолыңнан,
Әділдікті саяла.

Ілмектер: кек, әділдік Махмұд Қашқари

Ізгілік пен әділдік өлмейді.

Ілмектер: ізгілік, әділдік Саиф Сараи

Аспан ашық болса,
Күн шуақты болады.
Хан әділ болса,
Халық ынтымақты болады.

Ілмектер: күн, әділ, әділдік, ынтымақ Майқы би

Әділдік пен күш біріксе — бұл одақтан күші асар еш нәрсе болмаса керек.

Ілмектер: әділдік, күш, одақ Эсхил

Ерлік қолдың күші де, семсерді сілтей білу өнері де емес, ерлік — өзіне-өзі ие болып, әділ болу.

Ілмектер: ерлік, әділдік Саади Ширази

Әділ сөз ащы көрінер.

Ілмектер: әділдік, сөз Жүсіп Баласағұни

Әділ айтсам — Аллам дос, әзіл айтсам — шайтан хош.

Ілмектер: әділдік, дос, Алла, шайтан, әзіл Қашаған Күржіманұлы

Әділдік әкімдіктен күшті.

Ілмектер: әділдік, Әкімдік Жүсіп Баласағұни

Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі - өткен істі қумаса.

Ілмектер: әділдік, ақыл Асан қайғы

Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт.

Ілмектер: әділдік, әділдік туралы нақыл сөздер, би Әлихан Бөкейханов

Әділдік жолын өзің аш.

Ілмектер: әділдік, афоризм, нақыл Жүсіп Баласағұни