Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (46)

Әділ сөйлеп, адал жүр.

Ілмектер: әділдік, сөз, афоризм, нақыл Қожа Ахмет Йассауи

Шағырмақ бұлт - жай тастар, әділ жігіт - ел бастар.

Ілмектер: әділдік, нақыл, афоризм Шалкиіз Тіленшіұлы

Әділ заң - тірегің.

Ілмектер: әділдік, заң, афоризм, нақыл Жүсіп Баласағұн

Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшалардың әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген заман болды, достар?!

Ілмектер: үлкен, құрмет, заман, әділдік туралы нақыл сөздер, әділдік, афоризм, нақыл, қанатты сөздер Қожа Ахмет Йассауи

Әділ бидің кегі жоқ,
Білімдінің кемі жоқ.

Ілмектер: әділдік, білім, нақыл Би-шешендер

Әділ биі болмаса - бірлігі кеткен ел ғаріп,
Қадірін елі білмесе - қайратты туған ер ғаріп.

Ілмектер: әділдік, ел, қадір, ер, нақыл, афоризм Би-шешендер

Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды, байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар - қысты күні үңгірде жатып өз аяғын өзі сорған аю тәрізді.

Ілмектер: әділдік, халық, жұрт, нақыл, афоризм, береке, бірлік Әлихан Бөкейханов

Әділ би әділдігін айтар - сары табақтан сарқыт қайтар.

Ілмектер: әділдік, нақыл, афоризм Би-шешендер

Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тындаған, билігін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы.

Ілмектер: жұрт, әділдік, халық, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Әділ деп соны айтыңыз - тураны қыйсық бұрмаса.

Ілмектер: әділ, әділдік, нақыл, афоризм Би-шешендер

Әділдіктің екі қайнар көзі бар: ешкімге зиян шектірмеу және қоғамға пайда келтіру.

Ілмектер: әділдік, зиян, қоғам, нақыл, афоризм Цицерон

Баламен шынайы болған жағдайда, ол әділдікке үйренеді.

Ілмектер: бала, шынайылық, тәрбие, әділдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мария Монтессори

Ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Ілмектер: ғылым, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақыл, жігер, тілек, мақсат, әділдік, талап Әл – Фараби

Хан әділ болса - халық ынтымақты болады.

Ілмектер: әділдік, хан, ынтымақ Майқы би

Екіжүзділіктің балын татып жүргеннен, әділдіктің ащы уын ішкен артық.

Ілмектер: Екіжүзділік, бал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, у, әділдік Бауыржан Момышұлы

Мөлшерден тыс көп берiлген дәрi емдеп жазбайтыны сияқты, әдiлдiк шеңберiнен шығып кеткен мiнеп-сынау да өз мақсатына жетпейдi.

Ілмектер: мөлшер, дәрі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әділдік, мақсат, мін, сын Артур Шопенгауэр

Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ.

Ілмектер: адам, әділдік, өмір Әбіш Кекілбаев

Мақтан сүйгіштікке қарсы қолданылатын бірден-бір құрал — қара қылды қақ жарар әділдік, ерлікті өте сезімталдықпен айыра біліп, тауып, көре білушілік.

Ілмектер: әділдік, мақтаншақтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Егер сiз әдiл болмасаңыз, мұны бiрден шын көңiлмен мойындаңыз

Ілмектер: әділ, көңіл, әділдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Талпынатын арман-мақсатыңыз бекер, егер де ниет – Ізгі, Әділ, Адал, болмаса. Сіз нені қаласаңыз, соның салдарын көресіз. Сондықтан болымсыз бір нәрсені қалап, артынан өкінгеннен гөрі, екеуін де жасамай-ақ қойған дұрыс, тым көп энергия жоғалтасыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, арман, мақсат, ниет, ізгілік, әділдік, адал, қалау, өкіну, өкініш, энергия Нарша Булгакбаев