Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (6) Мақал-мәтелдер (94) Ұлағатты сөздер (89) Әзіл, анекдоттар (6)

Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей жауып, жария етпей қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды.

Ілмектер: әйел, адалдық, еркек, Құмарлық Әзілхан Нұршайықов

Әйел адам - гүлмен тең.

Ілмектер: әйел, гүл Абай Құнанбайұлы

Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек.

Ілмектер: еркек, әйел, жүрек, тірек Әзілхан Нұршайықов

Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол жас балаға, сұлу әйелге және ұлы адамға ғана жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық – қырсықпен тең

Ілмектер: адам, бала, әйел, қырсық Әзілхан Нұршайықов

Ер кісі бір мезгілінде барлық жерді жарық етіп отыратын Күн емес. Олай болса, ері аңға не жорыққа кеткенде, әйелі ерінің отбасын көңірсітпей, үй ішін үлбіретіп отыруы керек. Келген кісіге ерінің жоқтығын білдірмей, құрметпен қарсы алып, дәмді тағам беріп, адал пейілмен сыйлап жіберсе, өзінің абыройын арттырып қана қоймайды, ел арасында ерінің де абырой-беделін асқар шыңға шығарады. Ер кісінің абыройы әйелінің адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты. Керісінше, әйел парықсыз, жүрген жерінде абыройсыз, ар-намысын аяққа басып жүрген бәдік болса, күйеуінің де абыройы болмайды, ауыздағы сөзі аяқтыға жол болады.

Ілмектер: ер, әйел, адамгершілік Шыңғыс хан

Әйел қанша сұлу болса, сонша адал болуы керек, өйткені оның сұлулықтан көрер кесірін адалдық қана жеңе алады.

Ілмектер: әйел, сұлу, адал Лев Толстой

Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда “қу бас” деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат “жемісі” ешқашан да болмайды.

Ілмектер: әйел, еркек Бауыржан Момышұлы

Әйелдің сайқалы бірді ғана арбайды, әдебиет сайқалының мыңға зияны тиеді.

Ілмектер: әйел, әдебиет Бауыржан Момышұлы

Ерте заманда қазақ ішінде қылмыс жасаған әйел заты үшін жазаның ең үлкені – оның бұрымын кесу болған екен. Совет өкіметі орнағалы бері әйелдер өзін-өзі жазалап келе жатыр.

Ілмектер: әйел, қазақ Бауыржан Момышұлы

Адамдықтың негізі - әйел

Ілмектер: адам, негіз, әйел Мұхтар Әуезов

Әйелдердің бір сезімтал қасиеті бар екенін мойындау керек. Олар үнемі жан сұлулығын тани білетін жандар.

Ілмектер: әйел, қасиет, сезімтал, сұлу Михаил Лермонтов

Әйелдер танымайтын жандарды ғана сүйеді.

Ілмектер: әйел, жан, сүю Михаил Лермонтов

Қазіргі тарихта инабатты әрі сұлу, бірақ жүрегінен айрылған жаңа әйедердің тобы пайда болды.

Ілмектер: тарих, инабат, сұлу, жүрек, әйел Михаил Лермонтов

Әйел ақылынан артық түсініксіз ештеңе болмас. Оларды бір нәрсеге көндіру мүмкін емес. Сондықтан да, оларды өзін-өздеріне көндіру керек. Олардың сөйлеу тілін үйрену үшін мектеп қабырғасында қалыптасқан логиканың барлығын төңкеру керек.

Ілмектер: әйел, ақыл, көндіру, логика Михаил Лермонтов

Ұсқынсыз әйел болмайды, еріншек әйел болады.

Ілмектер: әйел, еріншек, ұсқынсыз Коко Шанель

Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші - иманың,
Екінші - жиғаның,
Үшінші - ырысыңның тұрағы.

Ілмектер: ат, жақсы, бала, әйел, қыз, иман, ырыс Төле би Әлібекұлы

Әйел болмаса еркек есінен, еркек болмаса әйел ажарынан айрылады.

Ілмектер: әйел, еркек, ес, ажар Антон Чехов

Әйелге әмірін жүргізе білген – мемлекетті де басқара алады.

Ілмектер: әйел, мемлекет басқару, басқару туралы нақыл сөздер, әйел туралы нақыл сөздер Оноре де Бальзак

Әйелің — көңілдесің емес, бүкіл ғұмырлық досың, әрі серігің, демек, оны біз егде тартқан әйел болған шағында да, кемпір болған кезінде де сүюге ерте бастан ойланып, дағдылана білуіміз ләзім.

Ілмектер: әйел, дос, кемпір, сүю Виссарион Белинский

Ер адамның өмірінде бір-ақ әйел болады, қалғандары сол әйелдің көлеңкесі.

Ілмектер: әйел, жанұя Коко Шанель


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)